Студенттер алмасу бағдарламалары

Қосдипломды білім беру Қазақстанның жоғарғы білімінің халықаралық білім кеңістігіне бірігуінің аса маңызды құралдарының бірі болып саналады. Бұл бағыт бәсекеге қабілеттілікті көтеру тарапынан, APEMS дамуының стратегиялық мүдделеріне жауап береді, сонымен бірге, білім беру сапасының көтерілуіне және бірлескен ғылыми-зерттеу жобалар санының артуына септігін тигізеді.

Қосдипломды білім беру — бұл біріккен білім беру бағдарламалары бойынша екі (және одан да көп) ЖОО-да бір мезгілде қатар оқу, одан әрі аталмыш білім беру мекемелерінің дипломдарын алу мүмкіндігі. Қосдипломды білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламасы APEMS мен шетелдік білім беру мекемелері арасындағы қол қойылған екі жақты Меморандумдар негізінде жүзеге асырылады. Одан әрі серіктес кафедралар/факультеттер талап етілген мамандықтар бойынша қосдипломды білім беру үшін оқу жұмыс жоспарларын құрастырады, оның құрамына МЖМБС мамандықтарына сай APEMS оқу пәндері және шетелдік серіктестер оқу пәндері енгізіледі. Сонымен қоса, шетелдік серіктес ЖОО оқу пәндері қазақстандық білім беру стандартындағы талап етілетін пәндердің құрамына үйлесімді еніп отыр, бұл, келісілген пәндер бойынша кредиттік бірліктерді өзара есепке алу негізінде шетелдік университетте 4 курста (бакалавр) немесе 2 курста (магистратура) оқуын жалғастыру үшін APEMS студенттерін даярлауға мүмкіндік береді. Қосдипломды білім беру бағдарламасының басымдығына шетелде оқу тәжірибесіне ие болуын, ЖОО оқуын аяқтаған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігінің кеңеюін, серіктес ЖОО жетекші оқытушыларының озық білімдеріне ие болуын, сонымен бірге, қос диплом алу, нақтырақ айтсақ, APEMS пен серіктес ЖОО дипломдарын алуды атауға болады.

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы (одан әрі – АҰ) – бұл  шетелдік серіктес ЖОО-да бір семестр немесе бір оқу жылы көлемінде оқу, оның нәтижесі транскрипт немесе оқығандығы туралы анықтама болады (оқу нәтижелері бойынша растаушы құжаттар).
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары:

  • Erasmus + бағдарламасы;
  • Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы (ҚР БжҒМ Гранты);
  • MEVLANA академиялық алмасу бағдарламасы;
  • Екіжақты келісім шеңберіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы;
  • Халықаралық стипендиялық бағдарламалар.

Бағдарлама жайлы (erasmusplus.kz)

ERASMUS+ – бұл Еуропалық Одақ бағдарламасы, ол білім беру, кәсіби оқыту, жастар саясаты мен спорт жүйелерін модернизациялау мен тұрақты дамытуға көмектесуге бағытталған. Ол осы аталған барлық салаларда еуропа елдері арасында да (Бағдарлама елдері арасында), еуропалық елдер мен бүкіл дүниежүзі бойынша серіктес елдер арасында да серіктестік үшін қаржылай мүмкіндіктерді білдіреді. Эразмус+ өтінімдер конкурсы шеңберінде жыл сайын серіктестік пен ұтқырлықтың жаңа жобалары іріктеледі.
Эразмус+ Қазақстанның жоғары оқу орындары мен индивидуумдары үшін үш негізгі мүмкіндіктерді ұсынады:
Негізгі әрекет 1

  • Халықаралық кредиттік ұтқырлық
  • Эразмус Мундус магистрлік дәрежелері

Негізгі әрекет 2

  • Жоғары білім мүмкіндігін арттыру

Жан Моне
Кім қатыса алады:

  • мемлекеттік және кейбір жеке ЖОО қатысушылары
  • 2-4 курс бакалавриат студенттері
  • 1-2 курс магистранттары
  • 1-3 курс докторанттары
  • оқытушылар (дәріс оқу)
  • университет қызметкерлері

Қаржылық шарттары:

Бағдарлама қатысушыларының оқу ақысы, жол ақысы, толық грант алған жағдайда шәкіртақысы төленеді (мемлекетке байланысты).

Қажетті құжаттар:

  • паспорт көшірмесі
  • үш тілдегі транскрипт (қаз., орыс., ағылш.)
  • IELTS сертификаты (қабылдаушы университет өтпелі ұпайды өзі тағайындайды) немесе тіл білу туралы сертификат
  • түйіндеме
  • уәждемелі хат *

Ақпарат конкурстың ашылуына сай орналастырылады, ол әр университетке байланысты академиялық жылдың әр кезінде өтеді.

*Серіктес ЖОО қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.

http://mevlana.yok.gov.tr

Бағдарлама мақсаты – Түркия мемлекеті мен өзге мемлекеттердің жоғары оқу орындары қызметкерлері және студенттері арасындағы академиялық алмасу.

Мевлана бағдарламасы – Түркияның білім беру саласындағы ең негізгі бағдарламаларының бірі.
Студенттер шетелде бір (минимум) немесе екі (максимум) семестр көлемінде оқи алады.
Оқытушылар шетелде бір аптадан бастап (минимум) үш айға дейін (максимум) дәрістер оқи алады. Мевлана бағдарламасының арқасында студенттер мен оқытушылар шетелде оқу тәжірибесіне ие болу және өзінің білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік алады.

Сотрудничество