Шетелдік студенттерге

Негізгі мерзімдер:
Құжат қабылдау – 1 маусым мен 31 шілде аралығы
Онлайн-сұхбаттасу өткізу – 1 мен 15 тамыз аралығы
Келісім шарт жасау, төлем жүргізу, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін

Құжат тапсыру екі форматта жүзеге асырылады:
Дәстүрлі формат, келесідей құжаттарды өткізу арқылы:
1) Белгіленген үлгідегі өтініш;
2) Аттестат немесе диплом (тұпнұсқа), (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма);
3) Паспорт көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма және көшірме аудармасы), сонымен қоса, бар болған жағдайда тұруға ықтиярхатының көшірмесі;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды түрдегі 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.
*Сенім білдірілген тұлға тапсырған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат көшірмесі мен тексеру үшін түпнұсқасын көрсетуі тиіс.
*Онлайн-тіркеу кезінде Қазақстанға келген кезде қабылдау комиссиясына құжаттар түпнұсқаларын өткізуі тиіс:

  • Аттестат немесе диплом (тұпнұсқа) және нотариалды куәландырылған аударма (қажет болған жағдайда);
  • Паспорт көшірмесі және нотариалды куәландырылған аударма және көшірме аудармасы (қажет болған жағдайда);
  • № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды түрдегі 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.
  • 3х4 сурет – 6 дана;
  • Медициналық сақтандыру.

Онлайн-формат, келесідей құжаттарды өткізу арқылы:
1) Аттестат (диплом), қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма. Орналасу елінде жасауға болады;
2) Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сонымен қоса, бар болған жағдайда тұруға ықтиярхатының көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма. Орналасу елінде жасауға болады); 
3) 3x4 өлшеміндегі сандық сурет;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды түрдегі 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.
Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Негізгі мерзімдер:
Құжат қабылдау – 1 маусым мен 31 шілде аралығы
Онлайн-сұхбаттасу өткізу – 1 мен 15 тамыз аралығы
Келісім шарт жасау, төлем жүргізу, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін
Құжат тапсыру екі форматта жүзеге асырылады:

Дәстүрлі формат, келесідей құжаттарды өткізу арқылы:
1) Белгіленген үлгідегі өтініш;
2) Диплом (тұпнұсқа), (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма);
3) Паспорт көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма және көшірме аудармасы), сонымен қоса, бар болған жағдайда тұруға ықтиярхатының көшірмесі;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды түрдегі 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.

*Сенім білдірілген тұлға тапсырған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат көшірмесі мен тексеру үшін түпнұсқасын көрсетуі тиіс.

*Онлайн-тіркеу кезінде Қазақстанға келген кезде қабылдау комиссиясына құжаттар түпнұсқаларын өткізуі тиіс:

  • Диплом (тұпнұсқа) және нотариалды куәландырылған аударма (қажет болған жағдайда);
  • Паспорт көшірмесі және нотариалды куәландырылған аударма (қажет болған жағдайда);
  • № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды түрдегі 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.
  • 3х4 сурет – 6 дана;
  • Медициналық сақтандыру.

Онлайн-формат, келесідей құжаттарды өткізу арқылы:
1) Диплом, қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма. Орналасу елінде жасауға болады;
2) Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сонымен қоса, бар болған жағдайда тұруға ықтиярхатының көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аударма. Орналасу елінде жасауға болады); 
3) 3x4 өлшеміндегі сандық сурет;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электронды түрдегі 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.
Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Шетелдік студенттер көші-қон бақылауының келесідей ережелерін сақтауға міндетті:

1. С9 визасымен APEMS білім алушы шетел азаматтары Қазақстан Республикасында еңбек қызметін атқаруға құқығы жоқ.
2. Шетелдік білім алушылар денсаулық сақтау заңнамасы шеңберінде Деканатқа 075 үлгісіндегі медициналық анықтама мен флюрография өткізуі және жыл сайын медициналық комиссиядан өтуі керек.
3. Шетел азаматтары APEMS жоғары білім алуға және қосымша кәсіби білім алуға құқығы бар:

  • мемлекеттік білім гранты бойынша;
  • үкіметаралық келісім шеңберінде;
  • ақылы түрде.

4. Қазақстан Республикасы азаматы емес немесе шетелде тұратын қазақ ұлтының өкілдері Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жоғары білім алуға құқылы.
5. Магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсуші шетел азаматтары бекітілген тәртіпте қабылдау емтихандарын тапсырады.
6. Шетел азаматтары қазақ/орыс тілдерінде білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлауды қамтамасыз ететін APEMS даярлық курстарында білім алу құқығына ие.
7. Құжаттар мен қабылдау емтихандарын тапсыру үшін шетел азаматтары APEMS-ға дербес түрде өздері келеді. Оқуға қабылданған (алғашқы жарнасын төлеген) визалық режимдегі елдердің шетел азаматтарына С9 оқу визасы рәсімделеді.

Шақыруды рәсімдеу тәртібі:
1. С9 оқу визасын алу үшін шетел азаматтарына APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті арқылы шақыру рәсімделеді.
2. Шетел азаматтары көп реттік (90 күннен көп) немесе бір реттік (90 күннен аз) С9 визасына (білім алу) шақыру алу үшін келесідей құжаттарды ұсынуы керек:

  • шетелдік паспорт көшірмесі;
  • оқуға қабылдау/курстан курсқа өткізу туралы ректор бұйрығының үзінді көшірмесі;
  • білім беру қызметтерін көрсетуге келісім шарт көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • бекітілген нұсқадағы анкета;
  • пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе APEMS жатақханасынан жолдама (уақытша тұрғылықты жері бойынша).

3. Шақыруды Астана қаласының көші-қон полициясы органы 5 жұмыс күні барысында рәсімдейді, сонымен қатар, қарастыру мерзімі 30 күнге дейін созылуы мүмкін.

Визаны ұзарту тәртібі:
1. Визаны ұзарту визаның аяқталу мерзіміне 15 күнтізбелік күн қалғанға дейін APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті арқылы жүзеге асырылады. Оқу визасын ұзарту 1 жыл мерзімге жүзеге асырылады.
2. Паспорттың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда оны консулдық қызмет Департаментінде алдын ала ұзарту қажет (визаның аяқталу мерзіміне 120 күн қалғанға дейін).
3. Оқу визасын ұзарту үшін шетелдік студенттер оқу визасының мерзімінің аяқталуына кем дегенде 15 күн қалғанға дейін келесідей құжаттар тізімін ұсынуы керек:

  • паспорт және паспорт пен виза көшірмесі;
  • оқуға қабылдау туралы ректор бұйрығының көшірмесі (курстан курсқа ауыстыру);
  • құжаттарды тапсыру сәтіндегі мемлекеттік баж төлек туралы түбіртек;
  • 3х4 суретімен бірге визалық анкета;
  • пәтер иесінің нотариалды куәландырылған келісімі немесе APEMS жатақханасының анықтамасы (уақытша тұрғылықты жері бойынша).

4. Шетел азаматтары APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті арқылы визаны уақтылы ұзартуы керек немесе Қазақстан Республикасы аумағын виза мерзімінің аяқталуына 10 күн қалғанға дейін босатуы керек.
5. Шетел азаматтары паспорт және виза мерзімдерін сақтау үшін жеке басы жауапты болады.

Шетел азаматтарын тіркеу тәртібі:
1. Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін, шетел азаматтары Қазақстан Республикасы аумағына енген бірінші күні (демалыс және мерекелік күндерді ескере отырып) APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаментіне келуі тиіс (ЭКСПО, блок 4.5, 2 қабат, кабинет 202/1).
2. Шетел азаматтары паспортты тіркеуі үшін келесідей құжаттарды ұсынуы керек:

Визалық режимдегі елдер үшін:

  • мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт және виза көшірмесі;
  • шекарада берілетін көші-қон карточкасы;
  • пәтер иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі немесе жатақханадан анықтама.

Визасыз тәртіп орнатылған елдер үшін:

  • мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт және виза көшірмесі;
  • шекарада берілетін көші-қон карточкасы;
  • қабылдану туралы, курстан курсқа өту туралы бұйрықтан үзінді көшірме;
  • пәтер иесінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі немесе жатақханадан анықтама.

3. Ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті үш жұмыс күн ішінде шетел азаматтарының паспортын Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын әрбір өткенінен кейін (кез келген шет мемлекеттен) көші-қон полициясы органдарында тіркеуден өткізеді. Көрсетілген мерзімдерді есептеу 00.01 сағаттан басталады.
4. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына оқу визасының басталу мерзімінен бұрын келмеуге тиіс. Өзге визалар бойынша кірген жағдайда (туристик, жеке, т.б.) шетел азаматтары оқу визасының мерзіміне дейін елден шығуы және оның мерзімі басталатын күні немесе кейінірек кіруі тиіс.
5. Әрбір шетел азаматы тіркелген тұрғылықты мекенжайда тұруы керек. Іс жүзіндегі тұратын мекенжайының тіркеу кезінде көрсетілген тұрғылықты мекенжайымен сай келмеуі көші-қон заңнамасының бұзылуы болып саналады.
6. Ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті, Деканат APEMS жатақханасында тұратын шетел азаматтарын жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізуге құқылы. Олардың тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайдан тыс жерде тұру жағдайлары анықталған кезде акті толтырылады, шетел азаматтары көші-қон заңнамасын сақтамағандығы үшін оқудан шығарылуы мүмкін.
7. Тұрғылықты мекенжай ауысқан жағдайда жаңа мекенжайға көшпес бұрын шетел азаматы APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаментіне келесідей құжаттарды өткізуі тиіс:

  • паспорт және визаның түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • пәтер иесінің уақытша тұруға келісуі туралы нотариалды куәландырылған келісімі мен жеке куәлік көшірмесі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана шетел азаматы жаңа мекенжайға көше алады.
8. Жатақханада уақытша болмаған жағдайда шетел азаматы APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаментіне орналасқан орны туралы және болмау мерзімі туралы жатақхана комендантының белгісін соға отырып, жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті. 
9. Оқу жылының ішінде әрбір шетелге шығар алдында шетел азаматы шетелге шығу үшін рұқсат алуы тиіс.
* Ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті және Факультет деканын ескертпестен/рұқсатынсыз шетелге шыққан жағдайда шетелдік студент APEMS оқудан шығарылуы мүмкін.

Шетел азаматтары міндетті:
1. Оқу жылы аяқталған соң Қазақстан Республикасының аумағында қалмауы керек.
2. Өзімен бірге әрқашан паспорты және студенттік билеті болуы тиіс, құжаттарға ұқыпты және мұқият болуы керек, оларды жоғалтпауы және бүлдірмеуі керек. Жоғалтқан жағдайда, паспортқа байланыс телефондары мен мекенжайы жазылған хат болуы тиіс.
3.Ұлттық паспортты жоғалту немесе ауыстыру, байланыс мәліметтерінің ауысуы жағдайында APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаментіне тезарада ескертілуі керек. 
4. Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе тұруға ықтиярхат алған жағдайда APEMS ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаментіне тиісті құжаттар ұсынуы керек. Тұруға яқтиярхаты бар шетел азаматтары тұрғылықты тіркелген мекенжайында тұруға міндетті немесе ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті арқылы уақытша тіркелу рәсімдеуге міндетті.
5. Шетел азаматтары ғылым және халықаралық ынтымақтастық Департаменті, Деканаттан, эдвайзерден уақтылы ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек алуға құқылы.

Шетел азаматтары келесідей мәселелер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

  • Қазақстан Республикасында тіркеусіз болуы;
  • виза немесе тіркеу мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шықпауы немесе шығудан жалтаруы;
  • оқу визасымен еңбек қызметін атқаруы.

Сотрудничество