Халықаралық жобалар

ERASMUS+, ЖБӘА

Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру

Эразмус+ бағдарламасының компоненті «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) шеңберінде серіктес елдердің ЖОО және жоғары білім беру жүйесіне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі бар.

ЖБӘА жобалары – бұл 34 Бағдарлама елдері мен 150-ден аса серіктес елдердің жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестікке негізделген трансшекаралық серіктестік жобалары Эразмусқа+ қаржылық салым жасайтын Бағдарлама елдері – бұл ЕО 28 мүше елдері мен Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және бұрынғы югославиялық мемлекет Македония. Қазақстан бағдарламаның аталмыш компонентіне қатыса алатын сеірктес елдер қатарына жатады.

ЖБӘА жобалары келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жоғары білім беруді модернизациялау, инновациясы мен қолжетімділігін қолдау;
  • жоғары білім беру сапасын көтеру және оның еңбек нарығы мен қоғам қажеттіліктеріне сай болуы, жоғары білім беруге бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқытуды, ЖОО-ны басқару мен ЖОО интернационалдыруды ұйымдастыру мен жоспарлау;
  • ЕО мен серіктес елдер арасындағы серіктестікке көмектесу;
  • жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын құрастыру арқылы біліктілік деңгейін арттыру;
  • біріккен бастамалар мен үдемелі тәжірибе алмасу арқылы әлемнің түрлі аймақтарының серіктестігіне және аймақтық пен аймақаралық интеграцияға көмектесу.

Сотрудничество