Академия

Тарихы

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2021 жылы Астана қаласында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (бұдан әрі APEMS – Academy of physical education and mass sports) ашылды. APEMS спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы болуды мақсат етеді.

Соңғы жылдары халықаралық спорт аренасында бәсекелестік айтарлықтай өсті, осыған байланысты жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спорттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеке ғылыми базаны құру және дамыту қажет.

Жоғарыда айтылғандар негізінде жаттықтырушылар, нұсқаушы-әдіскерлер, сондай-ақ спорт медицинасы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында APEMS дуальды оқыту қағидаттарына негізделген үздіксіз кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін құруда.

 

 

Сотрудничество