Студенттік кеңес – бұл студенттердің мүдделері, мақсаттары мен міндеттерінің ортақтығы негізінде құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, студенттердің қоғамдық бірлестігі. Студенттік кеңес – APEMS-тің белсенді жастары.
Студенттік кеңестің мақсаты – APEMS-ті гүлдендіру және студенттік өмірді жандандыру үшін спорттық, мәдени, рухани және интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру (дебаттар, ойын-сауық кештері, әртүрлі байқаулар мен волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралары).
Студенттік кеңестің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, APEMS-те өзін-өзі басқару жүйесін жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар.
Студенттік кеңестің Президенті
Аркабекова Дильназ
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, B 2.2 блок, 100 кабинет
Ұсынған бағдарламасы
- APEMS әкімшілігі мен студенттердің арасында жан-жақты байланыс орнату;
- Басқа ЖОО-мен серіктестік байланыс орнату, жиі бірлескен іс-шаралар мен жарыстарды өткізу;
- APEMS студенттерінің білім және ғылым жолындағы ізденістерін қолдау;
- Жұмыс берушілермен мастер класстар және кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыру;
- Дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыру: APEMS аруы, жігіт сұлтаны, спорттық турнирлер, APEMS командаларының матчтарына студенттер арасынан жанкүйерлерді тарту.