Виза және көші-қон мәселелері (ТМД елдері үшін)
ТМД елдерінен келген студенттер үшін ҚР-ға келгеннен кейін уақытша тұруға рұқсат (УТР) ресімделеді.
Шетелдік студенттер үшін қажетті құжаттар:
- ҚР-ға кіру жүзеге асырылған шетелдік паспорттың түпнұсқасы(оның қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы);
- Дактилоскопиядан өту туралы анықтама (Астана қаласының полиция басқармасы);
- ЖСН (ХҚО);
- APEMS жатақханасында тұрмаған жағдайда пәтер иесінің тұруға нотариаттық келісімі (егер келісім студенттің ата-анасына жазылған болса, туу туралы куәлік беру қажет болады);
Студенттік виза C-9
C9 визасы бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасына бірнеше рет кіру/шығу мүмкіндігі қарастырылған және жыл сайын жаңартылатын виза түрі.
Қазақстан Республикасына (ҚР) виза ресімдеу:
Қажетті құжаттар тізімі:
- Паспорттың түпнұсқасы (оның қолданылу мерзімі визаныңқолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан ерте аяқталмауы);
- Консулдық алым;
- Фотосуреті бар толтырылған визалық сауалнама;
- Дактилоскопиядан өту туралы анықтама (Астана қаласының полиция басқармасы);
- МТК мекенжай коды.
МАҢЫЗДЫ
- APEMS-та оқитын шетел азаматтары С9 визасымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
- Шетелдік студенттер жыл сайын медициналық тексерістен өтіп, 086 үлгісіндегі медициналық анықтама мен флюорографияны денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес деканатқа тапсыруы қажет.
- Оқу жылы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кету.
- Ұлттық паспорт жоғалған, өзгерген және байланыс деректері өзгерген жағдайда дереу APEMS Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарлау қажет.
Шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылады:
- Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұрса;
- Виза немесе УТР мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаса немесе шығудан бас тартса;
- Оқу визасымен еңбек қызметін жүзеге асырса.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына өткеннен кейін, бірінші күні шетел азаматтары (демалыс және мереке күндерін ескере отырып) APEMS Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (EXPO бизнес-орталығы, B 2.2 блок, 216/1 кабинет) келуі тиіс.
Паспортты тіркеу үшін шетел азаматтары мына құжаттарды ұсынуы қажет:
Визалық режимі бар елдер үшін:
- паспорт және мемлекеттік шекараны кесіп өткендігі және визасы туралы белгісі бар паспорттың көшірмесі;
- шекарада берілетін миграциялық карточка;
- пәтер иесінен нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісім немесе жатақханадан анықтама.
Визасыз режимі бар елдер үшін:
- паспорт және мемлекеттік шекараны кесіп өткендігі және визасы туралы белгісі бар паспорттың көшірмесі;
- шекарада берілетін миграциялық карточка;
- оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтың көшірмесі;
- пәтер иесінен нотариалды түрде куәландырылған жазбаша келісім немесе жатақханадан анықтама.
3. Халықаралық ынтымақтастық департаменті шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде олардың паспорттарын көші-қон полициясының органдарында тіркейді. Есептелуі 00:01 сағаттан басталады.
4. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасына оқу визасының басталу мерзімі күнінен ерте келмеуі тиіс. Басқа визалармен (туристік, жеке және т.б.) келген жағдайда, шетел азаматтары оқу визасының басталу күніне дейін кетіп, оның күшіне енген күнінен кейін қайта келуі керек.
5. Әрбір шетел азаматы тіркелген мекен-жайында тұруы тиіс. Тіркеуде көрсетілген мекен-жайда тұрмау, көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады.
6. Халықаралық ынтымақтастық департаменті және факультет декандары APEMS жатақханасында тұратын шетел азаматтарын жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізу құқығына ие. Егер олар тіркеуде көрсетілген мекен-жайдан басқа жерде тұрып жатса, акті жасалып, шетел азаматтары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін оқудан шығарылуы мүмкін.
7. Тұрғылықты мекен-жайын өзгерткен жағдайда, жаңа мекен-жайға көшу алдында шетел азаматы Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- паспорттың түпнұсқасы мен көшірмесі және виза;
- жеке куәліктің көшірмесі және пәтер иесінен нотариалды куәландырылған уақытша тұру келісімі.
Тек осы құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана шетел азаматы жаңа мекен-жайға көшіп баруға құқылы.
8. Егер жатақханадан уақытша кету жағдайында, шетел азаматы Халықаралық ынтымақтастық департаментіне жатақхана комендантының белгісімен қайда және қанша уақыт болмайтындығы туралы жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.
9. Оқу жылы ішінде әрбір шетел азаматы шетелге шығу алдында шығуға рұқсат алу керек.
* Егер шетел азаматы Халықаралық ынтымақтастық департаменті мен факультет деканынан хабарлама/рұқсат алмай шетелге шықса, ол APEMS-тан шығарылуы мүмкін.