MBA SPORT MANAGEMENT

Стратегиялық менеджмент негізінде спорт индустриясы саласындағы заманауи көшбасшылар мен басшыларды, сондай-ақ спорт ұйымын тиімді дамыту және басқару үшін өз білімдерін трансформациялау мүмкіндігімен дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық қызметтерге ауысуды жоспарлайтын қызметкерлерді даярлау.

Бағдарламаның мақсаты

Стратегиялық менеджмент негізінде спорт индустриясы саласындағы қазіргі заманғы көшбасшылар мен менеджерлерді, сондай-ақ техникалық қызметкерлерді, спорттық ұйымды тиімді дамыту және басқару үшін өз білімін өзгерту мүмкіндігімен дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық лауазымдарға ауысуды  жоспарлайтын қызметкерлерді даярлау.

МВА - іскерлік әкімшілік магистратурасының бағдарламасы, спорт индустриясы саласында іргелі бизнес-білім алғысы келетін тыңдаушыларға арналған. МВА жаһандық бәсекелестіктің сыни өзгеріс жағдайында ұжымды басқару және Big Data дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

ЕМВА (Executive MBA) – басқарушылық дағдыларды дамытуға бағытталған жоғары буын басшылары мен бизнес иелеріне арналған бағдарлама. Бағдарлама сіздің бизнесіңізді жаңа және халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 

MBA және EMVA тыңдаушылары үшін шетелге шығу модулі қарастырылған. Сізді қандай трансформация күтіп тұр?

Сізді қандай трансформация күтіп тұр?

  • Спорт саласында стратегиялық менеджмент және digital-маркетинг дағдыларын игеру.
  • Қаржылық менеджмент және экономикалық талдау туралы білімді игеру.
  • Спорттық жабдықтар мен кешендерді басқара білу.
  • Халықаралық спорт құқығы мен спорт этикасын зерттеу.
  • Спорттық қозғалыс саласындағы Event-индустрияны басқару.
  • Мансаптық өсу және жеке бизнес ашу мүмкіндігі.

Спорт саласында жаңа көшбасшы болу үшін не істеу керек:

  1. APEMS сайтында тіркеліңіз: ..........
  2. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болу.
  3. Жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.
  4. Конкурстық комиссияның әңгімелесуінен өту.

Біздің бағдарламаның сипаттамасы:

  • MBA бағдарламасы бойынша 2 жыл оқу
  • ЕМВА бағдарламасы бойынша 1 жыл оқу
  • 240/120 (ECTS) кредиттер, оған дәрістер, жобалар, оқытушымен өздік аудиториялық жұмыс және білім алушының өздік аудиториядан тыс жұмысы, көшпелі модуль, эксперименттік - зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны / жобаны ресімдеу және қорғау кіреді.

Шетелдік серіктеспен практикалық модульді өту:

  • APEMS шетелдік серіктестік ЖОО-да оқудың бірегей мүмкіндігін ұсынады
  • Жеке бағдарлама бойынша барып оқытуға арналған модульді өту (өтілім)

Оқу процесі қалай өтеді?

Оқуға түсу

  • Сіз Қабылдау комиссиясының маманымен әңгімелесу кезеңінен өтесіз, келісімге қол қоясыз, төлем жасап, білім беру платформасына қол жеткізесіз.
  • Сіздің жеке кураторыңыз бағдарламамен таныстырады және бірінші сабақта оқу процесі жайында ақпарат береді.

Білім беру

  • Арнайы кейстер, практикалық тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту арқылы модульдік оқыту.
  • Оқу процесінде сіз үй тапсырмасын орындайсыз, топтық жұмыстарға қатысасыз және жоба жұмысын орындайсыз.

Оқу процесін қадағалау

  • Сіздің оқуыңыз бойынша барлық сұрақтарға жауап беруге дайын APEMS-тегі жеке куратордың толық қадағалауы;
  • Оқу барысында нәтижеге жетуіңізге 100% кепілдік беріледі.

Оқуды аяқтау

  • Қорытынды емтихан тапсыру және жоба қорғау.
  • Оқуды аяқтағаннан кейін сіз іскерлік басқару магистрі дәрежесін және шетелдік қайта даярлау туралы сертификат аласыз.

МВА ОҚУДЫҢ ТОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЕМВА ОҚУДЫҢ ТОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Біздің оқытушылар мен сарапшылар

  • Бизнес-жоба менеджерлері және IPMA сертификатталған мамандары
  • Спорттық ұйымдар мен клубтардың топ-менеджменті
  • Шетелдік спикерлер мен лекторлар
  • Халықаралық оқыту және корпоративтік басқару тәжірибесі бар бизнес-мектептердің жетекші оқытушылары
  • Танымал бизнес-тренерлер мен жаттықтырушылар

Аккредиттеу және лицензиялар

APEMS халықаралық деңгейдегі іскерлік басқару саласында кадрларды даярлауға мүмкіндік беретін барлық лицензиялар мен аккредиттеулерге ие.

 

Негізгі модульдер

Стратегиялық менеджмент

Жобаны басқару

Көшбасшылық және тиімді шешім қабылдау

Спорттағы кәсіпкерлік

Спорттағы медиатехнология

Спорттағы цифрлық трансформация және деректерді талдау

Спорттағы маркетингтік зерттеулер

Image

Заказать обратный звонок

Неверный ввод
Неверный ввод

Сотрудничество