Спорт ғылымы және инновациялар ғылыми-зерттеу институты
Спорт ғылымы және инновациялар ғылыми-зерттеу институты

2025 жылғы маусым айында құрылған Спорт ғылымы ғылыми-зерттеу институты дене шынықтыру және спорт саласында білім беру, ғылыми зерттеулер мен практиканы біріктіретін ғылыми-инновациялық платформа болып табылады. Институт заманауи спорт ғылымын дамытуға, спортшыларды даярлаудың цифрлық және персонификацияланған технологияларын енгізуге, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен заманауи сын-қатерлерге бағдарланған орнықты ғылыми экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

 


 

Спорт ғылымы ғылыми-зерттеу институты дене шынықтыру және спорт саласындағы фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамыту орталығы ретінде құрылды. Институт қызметі мультидисциплинарлық тәсілге және заманауи ғылыми-цифрлық технологияларды қолдануға негізделген.

Институт ғылыми зерттеулердің толық циклін жүзеге асырады: инновациялық әдістемелер мен технологияларды әзірлеу, апробациялау және оларды енгізу. Бұл жұмыстар балалар-жасөспірімдер спортына, бұқаралық дене шынықтыруға, спорттық резервті даярлауға және жоғары білікті спортшыларды дайындауға бағытталған. Жаттығу процесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылады.

Институт қызметі ғылым, білім және практиканы интеграциялауға бағытталған. Білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, спорт федерацияларымен және индустриялық серіктестермен тығыз өзара іс-қимыл арқылы Институт ғылыми жетістіктерді білім беру процесіне және спорттық даярлау практикасына ұлттық және халықаралық деңгейде енгізуді қамтамасыз етеді, дене шынықтыру және спорт саласының орнықты дамуына үлес қосады.

ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЯСЫ

Институттың негізгі функциялары:

  • Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • Спорттық даярлаудың инновациялық және цифрлық технологияларын әзірлеу және енгізу;
  • Білім беру процесі мен спорттық практиканы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;
  • Ғылым, білім және спорт практикасын интеграциялау;
  • Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және дамыту;
  • Ғылыми әзірлемелер мен технологияларды дене шынықтыру және спорт саласына трансферттеу;
  • Ұлттық және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

 

Негізгі міндеттері (күнделікті / жүйелі түрде):

  • Спорт ғылымы бағыттары бойынша фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • Спортшыларды даярлаудың персонификацияланған әдістемелері мен технологияларын әзірлеу, апробациялау және енгізу;
  • Білім беру бағдарламалары мен силлабустардың ғылыми мазмұнын қалыптастыруға қатысу;
  • Білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, соның ішінде дипломдық, магистрлік және докторлық жұмыстарды дайындау;
  • Спорттық командалар мен спортшылардың жаттығу-жарыс қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;
  • Зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық ғылыми басылымдарда (Scopus, Web of Science) жариялау, сондай-ақ оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды (монографиялар, ғылыми баяндамалар және т.б.) әзірлеу;
  • Гранттық және бағдарламалық-нысаналы ғылыми жобаларды іске асыру;
  • Зертханалық және цифрлық ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту және қолдау;
  • Ғылыми іс-шараларды, тағылымдамаларды және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
  • Академиялық департаменттермен, спорт федерацияларымен және сыртқы серіктестермен өзара іс-қимыл жасау.

Сотрудничество