Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында (бұдан әрі – APEMS) студенттер білім алады
APEMS-тегі білім беру гранттарының түрлері:
1) мемлекеттік грант
Мемлекеттік білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы.
Жоғары білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары оқуға түсушілер өтініш берген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік табыс етіліп, ҰБТ нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия өткізеді.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және шығармашылық екі емтиханның нәтижелері ескеріледі.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
13-20 шілде – бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау.
*Толығырақ – "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000058_
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі No 319 Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
2) Жергілікті атқарушы органдардың гранттары (ЖАО)
Жергілікті атқарушы органның білім беру гранты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттарда студентке жоғары бiлiм алуына ақы төлеу үшiн жергiлiктi бюджеттен берiлетiн нысаналы ақша сомасы.
Жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты ЖАО (жергілікті атқарушы орган) комиссиясы өткізеді.
ЖАО комиссиясы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес беріледі.
ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші APEMS-тің қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында құжаттарды тапсырады.
ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.
ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.
*Толығырақ – "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралыhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000058_
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі No 319 Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
3) Қоғамдық Қор «Қазақстан халқына»
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда. Қор ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, мемлекеттік немесе басқа гранттарды алмаған жетім балалар мен мүгедек балаларға бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» ҚҚ грантына үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың мерзімі 10-17 тамыз.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/programs.html сайтынан алуға болады.
Қор жоғары оқу орнына түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат бермейді. Осы сұрақтар бойынша APEMS қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.
Сондай-ақ Қор Академияның ақылы бөлімдерінде оқитын студенттерге Қор есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан халқына» ҚҚ гранты мен шәкіртақысын алу үшін студенттер 1-15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚҚ сайтында: https://www.taiburyl.kz/kz/ онлайн өтінімдерін береді.
Грант алушылар қабылдаушы оқу орнының академиялық талаптарына сай болуы керек және бағдарлама барысында толық оқу курсын аяқтауы қажет. Бұл шартты орындамау қаржылық қолдауды тоқтатуға негіз болуы мүмкін.
4) Спорттық Федерациялардың гранттары
Спорт федерацияларының білім беру гранты – студентке бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу үшін берілетін ақшаның мақсатты сомасы.
APEMS-тің стратегиялық серіктестері болып табылатын спорттық федерациялардың тізімі
5) Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған гранттар
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сай жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келуі шартымен білім беру гранты беріліп, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданады.
Шекті балл жинаған үміткерлермен ақылы білім беру қызметтерін көрсету шарты жасалады. Шартқа қол қойғаннан кейін талапкер оқу ақысын онда көрсетілген шарттарға сәйкес төлейді. Егер шартқа қол қою кезінде өтініш беруші 18 жасқа толмаған болса, ақылы білім беру қызметін көрсету шартын жасау кезінде оның заңды өкілінің немесе кепілгердің қатысуы міндетті болып табылады. Өтініш берушінің өкілі өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ оның заңды өкіл немесе кепілгер ретіндегі құқықтарын растайтын құжаттары болуы керек.