Психологиялық қолдау орталығы

Психологиялық қолдау орталығы – студенттерге келесі бағыттар бойынша ақысыз жеке немесе топтық психологиялық кеңес беру қызметтерін ұсынатын APEMS-тің құрылымдық бөлімшесі болып табылады:

  • Отбасылық мәселелер және ата-анадан бөлек тұру;
  • Өмірдегі өзгерістер кезіндегі қиындықтар (көшіп-қону, университет);
  • Академиялық мәселелер/қиындықтар;
  • Спорттық жарыстар;
  • Мотивацияның болмауы, таңдаған кәсіп жолына күмәндану;
  • Мазасыздық пен стресс;
  • Көңіл-күйдің өзгеруі;
  • Дауларды орнату проблемалары;
  • Өзін-өзі бағалау проблемалары.

 

APEMS психологиялық қолдау орталығының мақсаты – студенттерге кәсіби қолдау ала алатын қауіпсіз және қамқор ортаны қамтамасыз ету арқылы олардың психологиялық әл-ауқатын жақсарту.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары

  • Жеке консультациялар;
  • Топтық консультациялар;
  • Студенттердің ментальды денсаулығын жақсартуға бағытталан оқыту семинарлары, мастер-класстар;
  • Кәсіби түрде өзінің қабілетін іске асыру тренингтері;
  • Қонақ лекциялар, воркшоптар;
  • Арт-терапиялық кездесулер.

 

Құрметті APEMS студенттері, біз сізге көмектесуге дайынбыз. Сіздер үшін есігіміз әрқашан ашық!

Психологиялық кеңес алу үшін сіз келесі байланыс деректері арқылы офлайн немесе онлайн хабарласа аласыз:

Тел.: 8 700 957 00 68
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі – жұма, 10.00-17.00
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, блок B 2.2, 1 қабат, 107 кабинет

 

 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫНАН ТЫС КЕЗДЕ ТӨМЕНДЕГІ ТЕЛЕФОНДАРҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР

8 7172 54 76 03 (24/7)

Астана қ. әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы»

150 (24/7)
немесе
Whatsapp: +7 708 10 608 10 (24/7)

Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны

111 (24/7)

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау бойынша «Call-center»


 

Сотрудничество