Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының сарапшы органы ретінде жергілікті этикалық комитет қатысушылардың денсаулығы, қауіпсіздігі және амандығына құқықтарын сақтау мақсатында зерттеулердің этикалық ережелерді ұстануына тәуелсіз бағалауды жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының этикалық сараптамасы ҚР Конституциясы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, «Білім туралы» ҚР Заңы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы, Юнеско этика Бюросының, Дүниежүзілік медицина ассоциациялары Хельсинки декларациясының және ғылыми этика жүргізу мәселелерін реттейтін өзге де халықаралық құжаттардың нұсқаулықтары мен ұсыныстарына сәйкес жүргізіледі; сонымен бірге, зерттеу материалдарын этикалық бағалау адамдар қатысуымен жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізудің міндетті шарты болып саналатын аталмыш ережемен реттеледі.
Комитет зерттелуші ретінде адамдар қатысатын зерттеулер жүргізудің халықаралық стандарттарына сай тұжырымдалған.
Комитет мақсаты – ғылыми зерттеуге (педагогикалық тәжірибе) қатыстырылған адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, ҒЗЖ көрсетілген этикалық аспектілерді қарастыру және қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ету.
Комитет міндеттеріне келесілер жатады:
1. ҒЗЖ құжаттарының адамдар қатысуымен жүргізілетін зерттеулерге
қойылатын этикалық талаптарды сақтау мәселесі бойынша тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізу;
2. Зерттеуді жоспарлау мен жүргізу сатысында зерттелушілерге қатысты адам құқықтары мен қауіпсіздігін сақтауды тәуелсіз және объективті бағалау. Құқықтық аспектілер адамның ажырамас құқықтары мен негізгі бостандықтарының адам құқықтары саласындағы халықаралық ережелерге сәйкес сақталуынан тұрады;
3. Зерттеушілердің ғылыми биография немесе өзге құжатнамалары негізінде біліктілігінің сай келуін бағалау және зерттеу жүргізіп отырған мамандардың техникалық жабдықталуын бағалау;
4. Этикалық сараптамаға тапсырылатын құжаттар мен зерттеу материалдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жасау;
5. Жоспарланған және жалғасын тауып отырған зерттеулерді мақұлдау немесе мақұлдамау туралы қорытынды шығару, соның ішінде:
- зерттеу хаттамаларының толықтырулары, түзетулерінің сараптамасы және адамдар қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді зерттеу аяқталғанға дейін нормативті құжаттармен сай келуін этикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- ағымдағы зерттеулерді белгілі бір уақыттан кейін тексеру, сай келетін тәуекел дәрежелерін тексеру, бірақ, жылына бір реттен жиі емес;
- этикалық сараптама стандарттарын тұжырымдау және оларды практикада қолдануға енгізу.