Ректорат – «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС (бұдан әрі – АФКМС) білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік - шаруашылық қызметінің ағымдағы мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін алқалы жедел-кеңесші орган.
Ректораттың негізгі міндеттері АФКМС Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, негізгі іс-шараларды қамтамасыз ету, Ректордың және АФКМС басқа да корпоративтік және алқалы басқару органдарының құзыретіне жататын мәселелерді алдын ала қарастыру, сондай-ақ олар үшін ұсыныстар әзірлеу.
Ректораттың құзыреттілігіне келесі мәселелер кіреді:
- АФКМС Даму стратегиясының және ағымдағы жоспарларының орындалуын мониторингілеу;
- АФКМС құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы жұмыс жоспарларын орындалуына қатысты мәселелерді қарау;
- АФКМС және оның құрылымдық бөлімшелерін дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Кәсіби бағытталу мен білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру;
- Оқу процесін ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтары мен оның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қарастыру;
- Өзара сабаққа қатысу және оқу сабақтарына бақылау мақсатында қатысу мәселелерін қарастыру;
- АФКМС академиялық қызметін басқарудың ағымдағы сұрақтарын қарастыру;
- АФКМС ғылыми –зерттеу қызметін ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру, соның ішінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- АФКМС тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру;
- АФКМС шаруашылық жұмысын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру;
- Халықаралық қатынастарды ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтарын қарастыру;
- АФКМС алқалы және корпоративті басқару органдарының қабылдаған шешімдерін орындалуын мониторингілеу;
- АФКМС Жарғысына, Қатысушылардың жалпы жиналысының тапсырмаларын, Бақылау кеңесінің және Басқарманың шешімдеріне сәйкес Ректораттың құзыреттілігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер шығару.
Ректораттың құрамына ректор, проректорлар және АФКМС құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Ректораттың құрамы АФКМС ректорының бұйрығымен бекітіледі. АФКМС ректоры Ректораттың төрағасы болып табылады, ректораттың қызметіне тікелей басшылық жасайды.
Ректорат әр оқу жылына ректормен бекітілген жоспарға сәйкес жұмысын жүргізеді. Ректорат отырыстарын АФКМС ректоры, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін уақытша атқарушы тұлға өткізеді. Ректорат отырыстары 2 (екі) аптада 1 (бір) рет өткізіледі.
- АФКМС Ректорат туралы ережесі
- АФКМС ректоратының құрамы
- 2022-2023 оқу жылына Ректораттың жұмыс жоспары
- Ректораттың отырыстары
- Жаңалықтар мен хабарландырулар