Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті – бұқаралық-мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыратын және студенттік ұйымдардың жұмысын үйлестіретін APEMS-тің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің қызметі студенттердің өзін-өзі тану және тұлғалық дамуына, олардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімдерін оятуға бағытталған.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің мақсаты – APEMS студенттерін адамгершілігі жоғары, білімді, шығармашыл тұлға ретінде тәрбиелеу, олардың үйлесімді дамуы мен өз қабілеттерін іске асыра білулері үшін қажетті оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті қызметінің негізгі бағыттары
- білім алушылармен тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын және оны жүзеге асыру жоспарын жасау;
- APEMS-те бұқаралық мәдени, спорттық және сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру;
- студенттердің өзін-өзі басқару жұмысын үйлестіру;
- жастардың жобаларын, студенттік ұйымдарды қолдау және қадағалау;
- атқарушы билік органдарымен сыртқы өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз ету;
- APEMS студенттерімен сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу, сондай-ақ студенттердің жатақханадағы бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыру үшін қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- студенттерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ету;
- студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру және қадағалау.
Әлеуметтік-тәрбие департаментінің директоры
Қаратай Шыңғыс Балтабекұлы
Оқитын пәндері: Дене шынықтыру және спорт тарихы, магистр, сеньор-лектор, тарихшы
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, B 2.2 блок, 100 кабинет
Әлеуметтік-тәрбие департаментінің менеджері
Келмагамбетова Молдир Темирбекқызы
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, B 2.2 блок, 100 кабинет
Студенттік кеңес – бұл студенттердің мүдделері, мақсаттары мен міндеттерінің ортақтығы негізінде құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, студенттердің қоғамдық бірлестігі. Студенттік кеңес – APEMS-тің белсенді жастары.
Студенттік кеңестің мақсаты – APEMS-ті гүлдендіру және студенттік өмірді жандандыру үшін спорттық, мәдени, рухани және интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру (дебаттар, ойын-сауық кештері, әртүрлі байқаулар мен волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралары).
Студенттік кеңестің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, APEMS-те өзін-өзі басқару жүйесін жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар.
Студенттік кеңестің Президенті
Аркабекова Дильназ
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, B 2.2 блок, 100 кабинет
Ұсынған бағдарламасы
- APEMS әкімшілігі мен студенттердің арасында жан-жақты байланыс орнату;
- Басқа ЖОО-мен серіктестік байланыс орнату, жиі бірлескен іс-шаралар мен жарыстарды өткізу;
- APEMS студенттерінің білім және ғылым жолындағы ізденістерін қолдау;
- Жұмыс берушілермен мастер класстар және кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыру;
- Дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыру: APEMS аруы, жігіт сұлтаны, спорттық турнирлер, APEMS командаларының матчтарына студенттер арасынан жанкүйерлерді тарту.