Студенттермен оқу-тәжірибелік сабақтарды өткізудің заманауи материалдық-техникалық базасы – спорт саласында жоғары білікті кадрларды даярлаудың маңызды факторы болып табылады.
Елорданың заманауи көпфункционалды спорт кешендері APEMS студенттері үшін оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізуге практикалық негіз болып табылады.
1. Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы
Жекпе-жек сарайына Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілген.
5000 орындық манежі бар әмбебап спорт залы жекпе-жек өнерінің барлық түрлерінен: бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және жеңіл атлетика бойынша халықаралық жарыстарды өткізуге арналған.
Спорт сарайында төрт жолақты 25 метрлік бассейн, спорт және күрес залдары, сондай-ақ футбол алаңы бар.
2. Алау мұз сарайы
«Жылдам мұзды» жасау үшін ең жаңа жабдықтармен жарақтандырылған әлемдік деңгейдегі мұз сарайы.
Жабық стадион конькимен жүгіруден жарыстар өткізуге және шағын хоккей, шайбалы хоккей, шорт-трек, керлинг және мәнерлеп сырғанау бойынша оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға арналған.
3. Сарыарқа велотрегi
Аумағы 20 000 шаршы метр спорт кешенінде велотректің өзінен басқа, волейбол, баскетбол, футбол алаңдары, бірнеше бассейндер мен фитнес орталықтары бар. Нысанның сыйымдылығы 9270 көрермен.
4. Барыс Арена көпфункционалды спорт кешені
11 000-нан астам көрермен сыятын спорт кешенінің негізгі мұз аренасы қысқа уақыт аралығында баскетбол, волейбол немесе шағын футбол алаңы мен бокс рингіне айнала алады.
Сонымен қатар, спорт кешенінде FINA ережелері бойынша ұзындығы 50 метр және ені 25 метр, 10 жолаққа бөлінген олимпиадалық жүзу бассейні бар.
Секіру бассейні жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес келетін мұнаралармен және трамплиндермен жабдықталған. Бұл аренада жүзу, суға секіру, синхронды жүзу, су добы бойынша халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
5. Астана Арена стадионы
Стадион негізінен футболға бағытталған, бірақ басқа спорттық іс-шараларға, соның ішінде елдің танымал спорт түрлері – күрес, дзюдо және боксқа оңай бейімделуі мүмкін. 30 000 орындық арена екі деңгейлі құрылымы бар үлкен амфитеатр ретінде құрастырылған: ойын алаңын қоршап тұрған 15 000 орындық төменгі терраса және батыс пен шығыс жағындағы 15 000 орындық жоғарғы терассалары бар. Барлық жерден алаңның кедергісіз көрінісі қамтамасыз етілген.
Стадионның жиналатын шатыры 20 минутта толығымен ашылып, жабылады. Стадионда әлемдік деңгейдегі матчтар мен концерттер өткізуге бейімделген жасанды алаң мен барлық қажетті инфрақұрылымы бар.