Студенттер үйі туралы ақпарат
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына (әрі қарай – APEMS) еліміздің әр өңірінен келген студенттер үшін пәтер нұсқасындағы Студенттер үйі ұсынылады.
Мекен-жайы:
Тельман шағын ауданы, Ақкемер көшесі 2/6
Жалпы аумағы
1099 м2
Студенттер үйінен APEMS-ке қатынайтын автобустар
№ 52
Студенттер үйінде жайлы білім алуға және өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Студенттер үйі 5 студентке арналған 2 бөлмелі және 7 студентке арналған 3 бөлмелі пәтерлерден тұрады.
Пәтерде бар:
Ас бөлмесі;
Санитарлық торап;
Жатын бөлме;
Ғимарат заманауи бейнебақылаумен жабдықталған
Студенттер үйіне орналастыру 1 курс студенттері үшін 25 тамыздан бастап, жоғары курс студенттері үшін 30 тамыздан бастап жүзеге асырылады
Рұқсатнама арқылы кіргізу енгізілген
APEMS Студенттер үйінің есіктері сағат 06:00-де ашылып, 22:00-де жабылады
І. APEMS студенттік үйіне орналастыру тәртібі мен ережелері
Студенттер үйіне тұру үшін қажетті құжаттар:
1. Студенттің немесе кәмелеттік жасқа толмаған жағдайда оның заңды өкілінің өтініші;
2. Білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі және ата-анасының жеке куәлігінің көшірмелері;
3. 075- медициналық анықтама(флюорография суретімен бірге);
4. 3х4 фотосурет - 4 дана;
5. Тұру ақысы туралы түбіртек;
6. Жеңілдіктерді алу үшін қажет болған жағдайда студенттің мәртебесін растайтын тиісті құжаттардың болуы:
- Ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтамасы немесе қорғанышы және қамқоршы органдардың анықтамасы (кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдар үшін; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар);
- Дәрігерлік кеңес беру комиссияның анықтамалары (мүгедектерге арналған);
- Отбасында 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала бар екенін көрсететін отбасы құрамы туралы анықтамалар және 18 жасқа дейінгі барлық балалардың туу туралы куәліктері;
- Ата-анасының зейнеткерлік куәлігінің немесе жұмыссыз ата-анасының мәртебесін растайтын анықтаманың көшірмесі (отбасында ата-анасының екеуі де зейнеткер немесе жұмыссыз болған студенттер үшін);
- Ата-анасының мүгедектігі туралы анықтамалар/растайтын құжаттар, сондай-ақ студенттің туу туралы куәлігі (нотариус куәландырған);
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қандастар.
II. Студенттер үйінен орын алу ережелері
APEMS тұрғын үй-жайларында студенттерге орын беру өтініш берушілер ұсынған құжаттар негізінде APEMS тұрғын үй-жайларынан орындар бөлу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады:
1. Студенттер үйінен орын бірінші кезекте Астана қаласында тіркелмеген және жеке баспанасы жоқ 1 курс студенттеріне беріледі;
2. Белгілі бір жеңілдік санаттарына жататын студенттерге;
3. «Алтын белгі» белгісі бар, сондай-ақ Президенттік халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар студенттерге;
4. Басқа санаттағы студенттерге, оның ішінде шет мемлекеттердің азаматтарына, Студенттер үйінде орын бар болған жағдайда беріледі.
5. APEMS студенттер үйінен орын алмаған студенттер, оқу жылының ішінде босаған орындарға орналаса алады.
6. APEMS тұрғын үйді жалдау шарты бұзылған жағдайда білім алушы үш күн ішінде алып тұрған орнын (студенттер үйіндегі) босатуға міндетті, және тұрған орнын комендантқа таза күйінде, қолданыста болған барлық жабдық пен мүлікті тізімге сәйкес ақаусыз өткізу керек. Материалдық залал немесе мүлікке зақым келген жағдайда тек мүлік қана емес, қалпына келтіру жұмыстары да бағаланып, келтірілген залал толық көлемде өтеледі.
III. APEMS студенттер үйінде тұратын студенттер үшін кіру тәртібі:
- Кіру тәртібін тәулік бойы жұмыс істейтін APEMS қауіпсіздік қызметі қамтамасыз етеді;
- Студенттер үйіне кіру студенттік билет негізінде жүзеге асырылады. Студенттік билетті үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады;
- APEMS Студенттер үйінің есіктері сағат 06:00-де ашылып, 22:00-де жабылады;
- Сағат 21:00-ден 23:00-ге дейін бөлмелерді кезекші оқытушылар айналып өтеді, сағат 23:00-де тыныштық сақтау уақыты жарияланады;
- Сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін студенттер үйіне кіру және шығу тек оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректордың жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі (өтініш алдын ала беріледі);
- Комендант жоғары тұрған басшылықтың алдын ала келісімінсіз студенттер үйіне бөгде адамдардың кіруіне тыйым салуға құқылы.
IV. APEMS студенттер үйінде тұратын студенттердің құқықтары мен міндеттері
Студенттер құқылы:
- Жасалған келісім-шартқа сәйкес студенттер үйінде тұруға;
- APEMS студенттер үйінің жабдықтары мен құралдарын қажетінше пайдалануға;
- APEMS студенттер үйінің кеңесін құруға қатысуға және оның құрамына сайлануға;
- Студент тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;
- Студент тәрбие ісі жөніндегі проректор атына жазбаша өтініш беру арқылы тұрғын үйді жалға алу шартын кез келген уақытта бұза алады.
Студенттер міндетті:
1. APEMS Студенттер үйіне тұру шартында көрсетілген міндеттерді орындай отырып, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын, осы Қағидаларды, қауіпсіздік ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға;
2. APEMS студенттер үйіне кіру кезінде рұқсат қағазын көрсетуге;
3. Белгіленген тәртіп және мерзімде тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру үшін құжаттарды беруге;
4. APEMS студенттер үйінде белгіленген мөлшердегі ақыны уақытылы төлеуге;
5. Мүліктер мен құрал жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтауға, тұрмыстық электр аспаптарына және APEMS Студенттер үйінің мүлкіне мұқият қарауға;
6. Бөлмені таза және ұқыпты ұстауға;
7. Белгіленген кезекшілік кестесіне сәйкес өз бөлмесін, шаруашылық бөлмесіне күнделікті ылғалды тазалауды жүргізуге;
8. Үй-жайлардың, жиһаздардың дұрыс пайдаланбауынан немесе қасақана бүлінуінен келтірілген залалды өз есебінен жоюға;
9. APEMS өкілдеріне Келісімнің сақталуын бақылау мақсатында студенттер үйінің бөлмесін тексеруге мүмкіндік беруге;
10.Моральдық-этикалық мінез-құлық стандарттарының талаптарын сақтауға, ізгі ниет пен өзара сыйластық атмосферасын сақтауға, APEMS тұрғын үй-жайларының тұрғындары мен қызметкерлеріне қатысты даулы жағдайларды болдырмауға;
11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мереке күндері болмаған жағдайларды қоспағанда, АPEMS студенттер үйінен үш күннен артық кеткен кезде комендантты оның кетуі туралы жазбаша хабардар етуге;
12. Оқу жылының соңында үш күн ішінде студент қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес бөлмені өткізіп және APEMS студенттер үйінен шығуға міндетті.
Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға қатаң тыйым салынады:
1) Студенттер үйінің кеңесіне қарсы әрекеттер жасауға;
2) Тауарлық-материалдық құндылықтарды бір бөлмеден екінші бөлмеге өз еркімен ауыстыруға (электр сымдарын өз бетінше қайта жасау және электр желісін жөндеу);
3) Студенттер үйінің белгіленген тәртібін және тыныштығын бұзуға;
4) Студенттер үйінің iшiнде электронды шылым және басқа да қоспаларды шегуге;
5) Алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде келуге, темекі өнімдерін, есірткі заттарды, сондай-ақ құрамында алкоголь бар сусындарды тұтынуға, өткізуге, таратуға және сақтауға;
6) Көпшілік қолданатын жерлерге қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды төгуге.