APEMS ректоры - Академия физической культуры и массового спорта

 ректор

Куангалиева Турсынзада Куангалиевна

Экономика ғыдымдарының кандидаты, қауымдастырылған профеесор, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ҚР Үздік оқытушысы, Болашақ бағдарламасының түлегі, білім беру саласындағы сарапшы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Астана қ., EXPO бизнес-Орталық, блок В 2.2, кабинет 216

 

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына қош келдіңіз!

Бүгінгі таңда Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS – Academy of physical education and mass sports) тек білім беру мекемесі ғана емес, өсу, мүмкіндіктер мен прогресс кеңістігі болып табылады. Біз қазақстандық спорттың серпінді, тұрақты және болашаққа бағдарланған жаңа тұлғасын қалыптастыруға ұмтылатын кәсіпқойларды, студенттер мен серіктестерді біріктіреміз.

Құрылған сәттен бастап APEMS  елдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде өз орнын сенімді түрде алады. Біз құзыретті, жауапты, стратегиялық ойлауға және тез өзгеретін әлем жағдайында тиімді әрекет етуге қабілетті жаңа буын мамандарын дайындаймыз.

Біздің білім беру бағдарламаларымыз интернационалдандыру, тәжірибеге бағдарлану және ғылыми интеграция қағидаттарына негізделеді. Біз Еуропаның жетекші университеттерімен белсенді ынтымақтасамыз, қос дипломды бағдарламаларды іске асырамыз, спорттық менеджмент, цифрландыру және ғылым саласындағы жобаларды дамытамыз. APEMS  идеялар пайда болатын және спорт саласын өзгертуге қабілетті бастамалар жүзеге асырылатын платформаға айналады.

Ғылыми зерттеулер, халықаралық жобалар, жаттықтырушылар, менеджерлер мен педагогтарды даярлау -осының бәрін біз білім мен спорт арқылы қоғамды өзгертуге, ұлт денсаулығын нығайтуға және адам әлеуетін ашуға болады деген сеніммен жасаймыз. Мен үшін ректор ретінде APEMS  білімді, кәсібилікті, адалдықты және көшбасшылыққа ұмтылуды бағалайтын ашық, заманауи және тұрақты институт ретінде дамыту басымдық болып табылады.

Біз әрбір білім алушымызды, оқытушымызды және серіктесімізді, шабыттандыратын және мағыналы қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге тырысамыз.

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет. Бірге -жаңа биіктерге!

APEMS – Play for knowledge, Learn for winning!


 

 

Сотрудничество