Практика және жұмысқа орналасу

Карьера орталығы, бизнес-серіктестік және аккредиттеу орталығы APEMS пен еңбек нарығы арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Жұмыс берушілермен кеңейтілген серіктестік қатынастарының арқасында орталық ұйымдардың қажеттіліктерін білім алушылар мен түлектердің мүмкіндіктеріне бейімдеуге көмектеседі. Бұл APEMS б3л3м алушыларына практикалық тәжірибе алуға, әртүрлі компанияларда жұмыс істеудің ерекшеліктерін білуге және ағымдағы вакансиялар туралы хабардар болуға бірегей мүмкіндік береді.

Орталықтың негізгі міндеттері – білім алушылардың мансаптық перспективаларын және soft skills дағдыларын дамыту арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Орталықтың негізгі жұмыс бағыттары:

  • Білім алушылар мен түлектерге болашақ жұмыс орнын таңдауда көмек көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру, оның ішінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері, карьера күндері, тренингтер, жұмыс берушілердің презентациялары және басқа ұқсас іс-шаралар.
  • Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, түлектерді еңбекке орналасу мен кәсіби өсу үшін қажетті дағдылармен оқыту науқандарын өткізу, соның ішінде өзін-өзі таныстыру, резюме құру және сұхбаттасудан өту техникасы.
  • Білім беру бағдарламаларына сәйкес, түлектердің еңбекке орналасуын қолдау мақсатында бос жұмыс орындарын электронды жұмыс орындары банкінде жариялау,.
  • Мемлекеттік органдармен, жергілікті жұмыспен қамту қызметтерімен, білім беру, жастар саясаты, қоғамдық ұйымдар және жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру.
  • Жұмыспен қамту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімді жүйені қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру.
  • Білім алушылар үшін тәжірибе базасын ұсынатын кәсіпорындармен және ұйымдармен құжаттаманы жүргізу және келісім-шарттар жасасу жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Жұмыс берушілердің сұрауы бойынша тағылымдама және бос жұмыс орындарына кандидаттарды сұхбаттасудан және іріктеуден өткізу.
  • Білім алушылар мен түлектерді потенциалды жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату.
  • Еңбек нарығындағы өзгерістерді талдау және мониторинг жүргізу, жұмыс берушілердің мамандарға деген талаптарын анықтау, бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша оқыту және түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері туралы ақпарат жинау және өңдеу.
Разакова Асемгуль Маликовна
Разакова Асемгуль Маликовна Руководитель Центра карьеры, бизнес-партнёрства и аккредитацииБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

г. Астана, EXPO бизнес-центр, блок B 2.2, ауд. 217/2

Сотрудничество