APEMS серіктестік үшін ашық мәдени, зерттеулік және академиялық байланыстарды дамыту үшін APEMS-ке келгісі келетін дүниежүзінің университеттері, халықаралық білім беру мен спорттық ұйымдарының өкілдері мен делегацияларын қолдайды және кездесу ұйымдастыру үшін немесе толығырақ нұсқамаға ие болу үшін біздің топпен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжай бойынша байланысуды сұраймыз.
APEMS жұмысында дәрістер оқу үшін, тәжірибелік мастер-кластар өткізу үшін, біріккен білім беру бағдарламаларын жасау үшін, ғылыми шараларға қатысу үшін жетекші шетелдің білім беру ұйымдарынан шетелдік профессорларды жұмылдыру білім беру және ғылыми үрдістерді интернационалдандыруды жоғарылатудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
APEMS серіктес университеттермен алдын ала келісім бойынша және оқытушылық-профессорлық құрам қажеттіліктеріне қарай шетелдік ғалымдарды жұмылдыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.
Ғалымдарды жұмылдыру түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңестер беру үшін, сонымен қатар, APEMS оқытушылық-профессорлық құрамын дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Шетелдік мамандарды жұмылдыру бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері:
- Ұзақ мерзім негізінде:
Шетелдік мамандарды ұзақ мерзімде жұмылдыру мерзімі – бір толық семестр немесе бір оқу жылы. Ұзақ мерзімдегі шетелдік мамандар келесідей көрсеткіштерге ие болуы керек:
- шетелдік азаматтығының болуы;
- негізгі жұмыс орнының болуы;
- ғылыми/академиялық дәрежесінің болуы (профессор, ғылым докторы, философия докторы (PhD), ғылым кандидаты, магистр) және озық шетелдік оқу немесе ғылыми мекемелерде мамандық бойынша кемі 5 жыл жұмыс өтілі;
- импакт-факторы жоғары рейтингілі журналдарда кемі 5 мақаласы болуы.
Дәрістер оқуға жұмылдырылатын барлық профессорлар Scopus/Web of Science имиджік және ғылыми мақалалар жариялау бойынша кафедрамен серіктестік орнатуы керек, бұл сәйкесінше шетелдік мамандардың еңбек келісім-шарттарында көрсетіледі.)
- Қашықтықтан оқыту негізінде;
- Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша алмасу шеңберінде қысқа мерзімдік негізде;
- Бюджеттен тыс/демеушілер қаражаты есебінен;
- Ақысыз негізде онлайн/офлайн;
- ҚР елшіліктермен серіктестік шеңберінде;
- Докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшілері.