Қызметкерледі және шаруашылық қызметті басқару департаменті – кадр саясатын әзірлеу арқылы ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ететін, еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері мен нормаларының сақталуын, сондай-ақ мекеменің инфрақұрылымын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететеін APEMS-тің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің мақсаты – қызметкерлердің құштарлығын ынталандыру үшін олардың жұмыс жағдайларын тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар сапа саласындағы міндеттемелер мен сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары
- APEMS-те бос лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
- APEMS құрылымдық бөлімшелерінің ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- APEMS корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға және жетілдіруге қатысу;
- еңбек қатынастарына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- ғимараттарға, үй-жайларға, жабдықтарға (жылыту жүйелеріне, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, желдету желілеріне және т.б.) техникалық қызмет көрсету;
- өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының, қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуын бақылау, оларды бұзу фактілері анықталған кезде қажетті шараларды уақтылы қабылдау.

Қызметкерлерді және шаруашылық қызметті басқару департаментінің директоры
Кожамуратов Нуркожа Кылышкожаулы
Тел: 8 700 9570068
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, блок В 2.2 Кабинет 213