Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (ҒжХЫД) – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (әрі қарай – APEMS) құрылымдық бөлімі, оның жұмысы ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға, үйлестіруге, бақылауға бағытталған; халықаралық байланыстар мен серіктестікті дамыту, әлемдік білім, ғылыми және спорттық қауымдастықпен бірігу арқылы APEMS ғылыми-педагогикалық қызметін интернационалдандырумен айналысады.  

ҒжХЫД мақсаты – APEMS ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзекті ғылыми зерттеулерді тұжырымдау мен сүйемелдеу, сонымен бірге, оқу үрдісінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру. APEMS даму стратегиясына сай қазақстандық және шетелдік ЖОО-лар, халықаралық ұйымдар, қорлармен сыртқы байланыстар мен серіктестікті дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру.

ҒжХЫД  қызметінің негізгі бағыттары

  • APEMS-дағы ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды бақылау;
  • APEMS білім алушылары, оықтушылары мен қызметкерлерінің ғылыми қызметі мен жарияланым белсенділігін сараптау;
  • ғылыми-зерттеу ортада APEMS инновациялық қызметін дамыту;
  • шетелдік ЖОО, халықаралық ассоциациялармен, ұйымдармен стратегиялық байланыстарды дамыту;
  • академиялық ұтқырлық және қосдимломдық білім беру бағдарламалары бойынша студенттік алмасу бағдарламасын үйлестіру;
  • жоғары спорттық білім саласындағы халықаралық серіктес ЖОО-лармен ортақ ғылыми зерттеулерді дамыту.

 

 

Тен Алина Владимировна
Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

Тен Алина Владимировна – педагогика ғылымдарының магистрі, PhD кандидаты, дзюдо бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Астана қ., EXPO бизнес-орталық, блок С 2.2, кеңсе 202/1

 

Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді

Ғылым бөлімі – APEMS құрылымдық бөлімшесі, оның қызметі APEMS ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзекті ғылыми зерттеулерді тұжырымдау мен жетекшілік ету, сонымен бірге, оқу үрдісінде де, дене шынықтыру, бұқаралық спорт және жоғары жетістіктер спорты саласында да ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған.

Ғылым бөлімі қызметінің негізгі бағыттары

  • гранттық байқауларға қатысу бойынша ресми құжатнамаларды рәсімдеуге кеңестік көмек беру;
  • интеллектуалдық жеке меншік құқықтарын бекітуде кеңес беру мен әдіснамалық көмек көрсету;
  • ғылыми-зерттеу конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен форумдарды дайындау мен өткізу;
  • ғылыми зерттеу жұмыстар байқауларын ұйымдастыру мен өткізу;
  • «Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер» APEMS ғылыми журналының редакциялық жұмыстарын ұйымдастыру.

 

 

Бауржан Мадина Бауржанқызы
Ғылым бөлімінің жетекшісі

Бауржан Мадина Бауржанқызы – доктор PhD, кардиолог – реабилитолог дәрігер, спорттық дәрігер.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Астана қ., EXPO бизнес-орталық, блок С 2.2, 202\1 кеңсе, 010000

 

Халықаралық  ынтымақтастық бөлімі - APEMS құрылымдық бөлімшесі, оның қызметі шетелдік білім беру ұйымдарымен халықаралық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті дамыту арқылы APEMS интернационалдандыруын алға жылжытуға, әлемдік білім кеңістігінде орнын нығайтуға бағытталған

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі қызметінің негізгі бағыттары

  • академиялық ұтқырлық;
  • шетелдік студенттер рекрутингісі;
  • шетелдік педагогтар, ғалымдар, мамандар тарту;
  • халықаралық жобаларды жүзеге асыру;
  • APEMS имиджін алға жылжыту.

 

 

Сапарова Дина Сайпеденовна
Халықаралық ынтымақтастық бөлімімінің жетекшісі

Сапарова Дина Сайпеденовна – лингвистика магистрі, Мемлекеттік басқару магистранты

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Астана қ., EXPO орталық, блок С 2.2, кеңсе2/1

Сотрудничество