Ғылым және инновация департаментінің менеджері
Аженов Аскар Алимаулетович, политология ғылымдарының магистрі
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-орталығы, B 2.2 блок, 200 кабинет
Ғылым және инновация департаментінің (ҒИД) мақсаты – APEMS ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзекті ғылыми зерттеулерді тұжырымдау мен жетекшілік ету, сонымен бірге, оқу үрдісінде де, дене шынықтыру, бұқаралық спорт және жоғары жетістіктер спорты саласында да ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
ҒИД қызметінің негізгі бағыттары:
- APEMS кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды бақылау;
- APEMS білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми қызметі мен басылымдар жариялау белсенділігін сараптау;
- APEMS – тің ғылыми-зерттеу саласында инновациялық қызметін дамыту;
- Гранттар алу конкурстарына қатысу бойынша ресми құжатнамаларды рәсімдеуге кеңестік көмек беру;
- Интеллектуалдық жеке меншік құқықтарын бекітуде кеңес беру мен әдіснамалық көмек көрсету;
- Ғылыми-зерттеу конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен форумдарды дайындау мен өткізу;
- Ғылыми зерттеу жұмыстар конкурсын ұйымдастыру мен өткізу;
- Ғылыми журнал жұмысын ұйымдастыру;
- Өзге ЖОО-лармен, мемлекеттік және аймақтық басқару органдарымен, қорлармен, спорттық медицина орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ғылыми серіктестіктің перспективалық түрлерін дамыту.