2023 жылдың мамыр айында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті.
Аккредиттеу Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Академия 3 жыл мерзімге аккредиттелді.
Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері оң тәжірибе ретінде Академияның бейіндік сипатын дамыту ұстанымын, ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ғылыми-практикалық орталықтармен және спорт федерацияларымен бірлескен жұмысты атап өтті.
ЖОО және ҒЗИ аккредиттеу бойынша шешімдер тізілімі (iqaa.kz)