Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті (МҚБД) – қызметі APEMS даму стратегиясының шеңберінде маркетингтік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру және имидждік жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнататын APEMS-тің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
МҚБД мақсаты – имиджді нығайтуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, APEMS брендін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған маркетингтік және кәсіптік бағдар аясында іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.
МҚБД қызметінің негізгі бағыттары
- брендті қалыптастыру және нығайту (барлық интернет-платформаларда брендтің визуалды идентификациясын дәйекті басқару, APEMS корпоративтік стилін қалыптастыру);
- контент-маркетинг, цифрлық жарнама және бейне маркетинг стратегиясын әзірлеу;
- үміткерлерді оқуға қабылдау бойынша іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету (ҚР барлық аймақтарында үгіт-насихат және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру);
- оқу орындарымен (орта жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік) байланысты нығайту;
- маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің директоры
Егинбаева Акжан Есенгалиевна, PhD кандидаты
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Астана қ., EXPO бизнес-центрі, блок С 2.2, 205 кабинет