Ұлттық академиялық кітапханасына экскурсия

15 ақпанда APEMS студенттерінің патриоттық сезімін ояту және ұлттық мәдениет пен әдебиетпен таныстыру, жас спортшылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттер кітапхана мұражайындағы сирек оқулықтар қорымен таныстырылды, оларға жеке оқу залдары көрсетілді, ежелгі және қазіргі Қазақстанның жазушылары мен ақындары туралы ақпарат ұсынылды.

TR-2205 тобының студенттері де қазақ аңыз-әңгімелері мен өлеңдерін жатқа айтып, әдебиеттен өз білімдерін көрсетті.

Экскурсияның соңында бірлескен фотосуреттер және ұлттық кітапханаға барған кезде көрген-білгендері туралы ой-пікірлерімен алмасу болды. Болашақ жаттықтырушылар барлық спортшыларды көркем әдебиет оқып, халқымыздың, жалпы еліміздің өмірі мен мәдениеті туралы білімдерін арттыруға шақырады.

Сотрудничество