Қазақстандағы спорт білімін интернационализациялау: APEMS - WSG University - ATOS коллаборациясы

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстандағы спорттық білімді интернационализациялауға үлкен мән береді. Осы процестің жарқын мысалдарының бірі – 2023 ж. Польшадағы Быдгощ қ. WSG University-мен бірлесіп әзірленген спорт менеджменті бойынша MBA және EMBA бағдарламасы.

Бұл бағдарлама елімізде алғаш рет жүзеге асырылып, спорт индустриясының қазіргі заманғы талаптарына сай келеді, Қазақстанның әр аймағынан спорт басшылары мен функционерлерін тартады. Қазіргі уақытта білім алушылардың саны 1,5 жыл ішінде 100-ден астам тыңдаушыны құрайды!

"MEETING WITHOUT TIES" іс-шарасында MBA бағдарламасының барлық 3 легінің өкілдері және бағдарламаға үлкен үлес қосқан Польшадағы серіктестеріміз қатысты. Олардың қатарында:

- doc. Krzysztof Sikora – WSG University Президенті, Олимпиада комитетінің мүшесі, Быдгощтағы Украинаның Құрметті Консулы

- prof. Magdalena Bergmann, WSG University профессоры және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, әлеуметтік саясат бойынша сарапшы

- prof. Alexander Skaliy, WSG University профессоры және Спорт және дене шынықтыру институтының директоры. Профессор өз баяндамасында Қазақстан мен Польша арасындағы спорт саласындағы көпжылдық ынтымақтастық туралы айтып, ERASMUS+, Болашақ сияқты бағдарламаларды және бірлескен халықаралық жобалардың нәтижелерін атап өтті.

- dr Tatyana Skaliy - шығыс университеттерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі WSG University деканы, спорт шебері және гандболдан Еуропа чемпионы.

Іс-шара барысында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен WSG University және әріптес мекеме: Олимпиада және Паралимпиада ойындарының басты IT серіктесі ATOS IT компаниясы арасында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды. Бұл меморандум болашақ спорт менеджерлерін әлемдік стандарттарға сәйкес дайындауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Сотрудничество