Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттері – Меруерт Камалиденова мен Амина Қайырбекова Будапешт қаласында өткен Әлемдік шахмат Олимпиадасында күміс медаль алған Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсетті. Олардың бұл тарихи жетістікке қосқан үлесі Қазақстандағы шахмат спортының дамуына үлкен қадам болды.
Қазақстан әлемдік деңгейде шахматты белсенді дамытуда, және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы бұл үдерісте басты рөл атқарып келеді. «Үстел спорт түрлері (шахмат) бойынша педагог-жаттықтырушы» мамандығы тек шахматта табысқа жететін ғана емес, сонымен қатар өз білімдері мен тәжірибелерін келесі буындарға жеткізе алатын білікті мамандарды даярлайды.
Меруерт Камалиденова мен Амина Қайырбекова – «Үстел спорт түрлері (шахмат) бойынша педагог-жаттықтырушы» бағдарламасының нәтижелігіне айқын дәлел. Олар тәжірибелі оқытушылар мен тәлімгерлердің басшылығымен стратегиялық ойлауды дамытып, тактиканы жетілдіріп, шахматты оқыту әдістемелерін меңгеруде. Бұл оларға жеке спорттық жетістіктерде де, болашақ мамандыққа дайындығында да көмектеседі.
«Үстел спорт түрлері (шахмат) бойынша педагог-жаттықтырушы» мамандығы шахмат ойынының теориялық және практикалық қырларын, психологиялық дайындықты, сондай-ақ оқыту әдістемелерін терең зерттеуді қамтиды. Бұл болашақ жаттықтырушыларға шахмат ойынының ғана емес, оны әртүрлі деңгейде – жаңадан бастағандардан бастап кәсіби деңгейге дейін үйретудің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік береді.
Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және алда оларды одан да биік шыңдар күтетініне сенімдіміз!