Академиялық ұтқырлық: Жешув Университеті, Польша

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының «6B01405 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ерасыл Ахметжан ұтқырлық бойынша байқау іріктемесінен өтіп, қазіргі кезде Польшаның Жешув Университетінде білімін жалғастыруда.

Жешув Университеті Польшаның оңтүстік-шығысындағы аса үлкен білім беру орталығы болып саналады, ол 61 халықаралық ЖОО-мен серіктестігін тұрақты түрде сақтап әрі дамытып отыр. Жешув Университеті – бұл сонымен қоса, аса кемел ғалымдар мен педагогтардың бірлескен тобы, заманауи ғылыми жабдықтар мен ғылыми негізі бар зертханалар, студенттерге бейімделген оқу орны, әлеуметтік көмек, кәсіби мансап құрудағы көмек. Студенттер өз қызығушылықтарын ЖОО-да қызмет жасайтын 150-ден аса ғылыми, спорттық және шығармашылық топтарға қатысу арқылы дамытуға мүмкіндігі бар.

Жешув Университеті APEMS-тің басты серіктестерінің бірі болып саналады, сондықтан, университет 2022 жылдан бастап әр семестр сайын академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын APEMS студенттерін құшақ жая қарсы алуда. Осылайша, Жешув Университеті Ерасыл құшақ жая қарсы алып, Халықаралық бөлім және факультет координаторларының бірлескен жұмысының арқасында  ол келген күні ұйымдастырушылық және бейімделу мәселелерін шешуге көмектесті.

Сотрудничество