APEMS-тің Оңтүстік-Шығыс Азия білім беру және ғылыми ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жоспары шеңберінде 2024 жылдың 21 наурызында халықаралық серіктестік бөлімінің басшысы Дина Сапарова корей спортының ұлттық сараптамалық орталығы болып саналатын Корея спорттық ғылым институтына (KISS) жұмыс сапарымен барды.
Корея спорттық ғылым институтының негізі 1980 жылы қаланған, Сеул қаласында орналасқан. KISS басты мақсаты – Оңтүстік Кореяның спорттық саясатын тұжырымдау және спорт ғылымын дамыту.
Институт негізінде орасан табысқа жету үшін дүние жүзі бойынша университеттер мен зерттеу ұйымдарын біріктіру мақсатын көздейтін БҰҰ ЮНЕСКО бағдарламасы қызмет жасайды.
Халықаралық байланыстар бойынша KISS-тің арнайы өкілі әрі Корея Республикасы спорттық шаралар арқылы жастарды дамыту бойынша ЮНЕСКО кафедрасы саяси зерттеулер мен тұжырымдамалар Департаментінің аға ғылыми қызметкері Хёнджу Чо ханыммен кездесу барысында тараптар APEMS және Корея спорттық ғылым институты арасындағы ынтымақтастықтың басты жолдары, нақтырақ айтсақ, Сеул қаласында KISS негізінде біріккен ғылыми зерттеулер мен ғылыми тағылымдама өткізу, сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылы барысында Астана қаласында спорттық шаралар арқылы жастарды дамыту бойынша ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Корея спорттық ғылым институты ғалымдарының шеберлік дәрістері мен қонақтық дәрістерін өткізу мәселелері талқыланды.
Корея спорттық ғылым институтының ғылым, білім беру саласындағы көп жылдық тәжірибесін сыйлай отырып, біз спорт ғылымы мен білімін дамыту үшін ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнайтындығына сенім білдіреміз!