Шетелдік сарапшылар жоғары білім беруді дамыту бойынша кеңес беру үшін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына келіп, кездесуді өткізді.
Кездесу аясында сарапшылар: қауымдастырылған профессор, доктор Эглантин Хиса (оқытушы, Эпок Университеті, Албания) және PhD, Брайан Магуайр (Сапа мен біліктілікті интеграциялау орталығының директоры, Ирландия) нәтижелі дискуссияларды өткізіп, өз презентацияларын ұсынды.
Кездесуде талқыланған басты тақырыптардың бірі еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен ұсынымдарға сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз ету болды. Екінші маңызды аспект ұтқырлық және интернационалдандыру мәселелері, сондай-ақ оқытудың инновациялық тәсілдері болды.
Біз "Bologna Hub Peer Support II" жобасының сарапшыларымен бірге жұмыс жасап, ынтымақтастықты одан әрі дамтуды көздейміз.