«Тұрақты спорттық менеджмент және медицина үшін инновациялық модульдерді әзірлеу»

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының командасы 2024 жылғы 8 ақпанда Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен және Семей медицина университетімен, сондай-ақ ТМД ЖОО-мен бірлесіп 2024-2026 жылдарға арналған Еуропалық Одақтың «ERASMUS-EDU-2024-CBHE-2-бағыт Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» бағдарламасына «Тұрақты спорттық менеджмент және медицина үшін инновациялық модульдерді әзірлеу» тақырыбында өтінім берді.

Серіктес елдер Польша, Тәжікстан, Түрікменстан, Малайзия, Болгария, Нидерланды, Қазақстан болып табылады.

 

Сотрудничество