Студенттік спортты дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге байланысты құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінде ағымдағы жылдың 2 маусымы күні, 2023 жылдың 9-10 ақпанында  Астана қаласында «Жастарды әлеуметтендіру» тақырыбында өткен Республикалық форумның №1 хаттамасына сәйкес, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның жетекшілігімен  Студенттік спортты дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге байланысты құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Аталған стратегиялық құжатты әзірлеудің алғашқы кезеңінде, осы жұмысты үйлестіруші жоғары оқу орны ретінде бекітілген Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының мамандары тарапынан, еліміздегі студент жастардың дене тәрбиесі мәселелері мен студенттік спорттың қазіргі жағдайына зерттеу жүргізіліп, аталған мәселеге байланысты еліміздің бірқатар ЖОО берген ұсыныстарға сараптама жасалды.

Осының нәтижесінде Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, А.Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Алматы менеджмент университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің білікті мамандарынан және Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт одағы мен Дене шынықтырудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдерінен құралған жұмыс тобы жасақталды.

Жұмыс тобының отырысында, қазіргі таңдағы студент жастардың дене тәрбиесі мен студенттік спорттың даму мәселелері жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде, студенттік спортты дамытудың кешенді жоспарының құрылымы мен жұмыстың негізгі бағыттары анықталып, қойылған мәселелерді құқықтық-нормативтік актілер негізінде шешудің жолдары айқындалды.

Әзірленетін кешенді жоспардың, студент жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптасуына, студенттік спорттың бұқаралық сипатқа ие болуына жаңа серпіліс беретініне және соның нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстың нақты, әрі тұрақты жүйесі қалыптасады деген пікірдеміз.

Сотрудничество