Студенттеріміз Универсиададан елге оралды

2023 жылдың 23 қаңтарында ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысқан студенттер еліне оралды. Спортшы студенттерді әуежайдан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған үлкен делегация, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының басшылығы, сондай-ақ спортшылардың туған-туысқандары, жақын достары мен курстастары күтіп алды. Министр студенттерді жеңістерімен құттықтап, ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.

Универсиадада жақсы нәтиже көрсеткен студенттерді APEMS-тің бірінші проректоры – тәрбие ісі жөніндегі проректоры Дукетаев Болатбек Асылбекұлы да құттықтап, оларға алдағы уақытта кәсіби табыстар тіледі.

2023 жылғы ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтті. Универсиадаға әлемнің 50 елінен 1400-ден астам спортшылар қатысты.

Сотрудничество