Студенттер қатарына қабылдау салтанаты

2022 жылдың 2-3 желтоқсан аралығында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында студенттер қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. 2 – желтоқсан күні өткізілген шараға 6В01402 – «Бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы бойынша дене шынықтыру мұғалімі мен нұсқаушы-әдіскерді даярлау» білім беру бағдарламасының 1 – курс студенттері түгелдей қатысты.  Ал 3 – желтоқсан күні өткізілген шараға 6В01401-«Ұлттық спорт түрлері, спорт ойындары бойынша дене шынықтыру мұғалімі мен жаттықтырушыны даярлау» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты.

Шараның арнайы қонағы INS топтарына Қазақстан Республикасының кино және театр актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Жаужүрек мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдаған қазіргі таңда елге танымал қазақ актеры, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Наурызбай округінен шақырылған Алматы қаласы мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, Қазақ күресінен дамытуға бағытталған ұлттық жоба аясында ұйымдастырылған «Өнер барысы» атты жарыстың үш дүркін чемпионы атанған, ММА-дағы дебютін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған,  2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Асылхан Төлепов, ал TR топтарына қазақстандық саясаткер, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, атақты спортшы – боксер, 2005 және 2007 жылдардағы Әлем Чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, 2012 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және спорт қайраткері – Серік Сапиев шақырылды. 

«Жаңа жолға» студенттер қатарына қабылдау салтанаты екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қонақтар пен проректорлар құттықтау сөз сөйлеп,  APEMS-тің топ басшылары студенттік ант қабылдап, концерттік бағдарламаға ұласты. 

Екінші бөлімде студенттерге мерекелік дастархан жайылып, мерекелік торт кесіліп,  конкустық ойындар ойнатылды. Кеш  соңы мерекелік би кешімен аяқталды. 

 

Сотрудничество