APEMS-тің академиялық қызмет жөніндегі проректоры – Қуанғалиева Тұрсынзада Қуанғалиқызы шахматтан жоғары жетістіктері бар дарынды талапкерлерге кәсіптік бағдар жұмысын өткізді. Іс-шара барысында ол APEMS-те оқудың артықшылықтары мен студенттерге шетел университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы айтты.
Халықаралық байқаулардың жеңімпаздарына бөлінетін мемлекеттік гранттарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жас шахматшылардың «Үстел спорт түрлері бойынша педагог-жаттықтырушы» (шахмат, теннис, тоғызқұмалақ) жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу орнында ақысыз білім алуына тамаша мүмкіндік. Дуальді оқыту бағдарламасы негізінде білім алу – болашақ студенттер үшін жоғары оқу орнында білім алуға және сонымен бірге кәсіби мансабын жалғастыруға, жаңа шыңдарды бағындыруға бірегей мүмкіндік береді.
APEMS – бұл жоғарғы оқу орны ғана емес, дарынды спортшылардың әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін кешенді спорт әлемі. APEMS-те білім алу –таңдаған спорт саласында жоғары білікті нағыз кәсіби маман болу мүмкіндігі.
.