SPORT EMBA TALKS ФОРУМЫ СПИКЕРЛЕРІНІҢ ПІКІРЛЕРІ: СПОРТ, БИЗНЕС ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАЙЛЫ - Академия физической культуры и массового спорта

2025 жылғы 19 сәуірде Астанада өткен Sport EMBA Talks форумының аясында TEDx форматында көшбасшылыққа, тұлғалық өсу мен спорт пен бизнестегі кәсіпкерлікке арналған мотивациялық сессия өтті.

Өз салаларында табысқа жеткен, Қазақстанда сәтті жобалардың негізін қалаған жарқын спикерлер кәсіби қалыптасу мен трансформация тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар қатарында:

  • Айдар Махметов – бірнеше дүркін әлем чемпионы, MaxTeam спорт академиясының негізін қалаушы;
  • Майя Бекбаева - медиа менеджер, журналист, продюсер, "Magic TV Production" медиа компаниясының негізін қалаушы, Қазақстан тарихы туралы көптеген танымал бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы.
  • Сергей Цырульников – әлеуметтік және спорттық бастамалардың авторы, жастарға арналған жобалардың құрылтайшысы;
  • Санди Султан - тележүргізуші, журналист, "SSLAB-TV" теле зертханасының негізін қалаушы, «KAZNEWS» сериалының авторы және продюсері.

Әрбір баяндама кәсіби және тұлғалық дамудың жолын, бизнес-білімнің маңыздылығын және заманауи трендтерге бейімделудің қажеттілігін көрсетті. Спикерлер стратегиялық ойлау мен тұрақты даму үшін қажетті көшбасшылық дағдыларға ерекше назар аударды.

TEDx форматындағы сессия форум қатысушылары – спорт ұйымдарының орта және жоғары буын менеджерлері, мемлекеттік сектор мен спорт федерациялары өкілдері үшін шынайы мотивация мен шабыт көзіне айналды.

Сотрудничество