2025 жылғы 19 сәуірде Астанада APEMS Business Academy және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен SPORT EMBA TALKS форумы өтті. Бұл шара спорт менеджменті саласындағы жоғары сұранысқа ие білім беру бастамаларының бірі – Executive MBA бағдарламасының екінші легі тыңдаушылары үшін оқу кезеңінің маңызды қорытындысы болды.
Форумға мемлекеттік органдардың, спорт федерацияларының, сала сарапшылары мен спорт менеджментінің қазіргі көшбасшыларынан құралған 70-тен астам қатысушы жиналды. Форум аясында басқарудың жаңа тәсілдері, спорттық әкімшіліктегі өзекті мәселелер мен жеке даму тәжірибелері «Табыс жолы өзіңнен басталады» деген ұран аясында талқыланды.
Форумда EMBA Unity Painting атты интерактивті арт-объект ұсынылды, ол EMBA қауымдастығының бірлігі мен ортақ құндылықтарын бейнелейді. Әрбір түлек өз алақанының ізін қалдырып, тілегі мен өй-пікірін жазып кетті – бұл Академия тарихына қосылатын ерекше естелікке айналды. Аталған іс-шара түлектердің бірлігін және Қазақстан спорт индустриясының трансформациясына жеке үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетті.
EMBA Sport Management бағдарламасы жаңа буын кәсіби мамандарын дайындайтын платформа ретінде өз орнын нығайтуда. SPORT EMBA TALKS форумы әкімшілік басқару магистратурасы спорт менеджменті саласындағы біліммен шектелмейтіндігін, саналы көшбасшылыққа, инновацияға және ел спортының тұрақты дамуына апаратын жол екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.