SPORT EMBA TALKS – 2025 ФОРУМЫ: ТАБЫС ЖОЛЫ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ - Академия физической культуры и массового спорта

2025 жылдың 19 сәуірінде Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен APEMS Business Academy ұйымдастырған Sport EMBA Talks форумы өтті. Бұл шара спорттық білім беру саласындағы айтулы оқиғаға айналып, спорт менеджменті бойынша Executive MBA бағдарламасының екінші легі түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне арналды. Бағдарлама жетекші халықаралық білім беру ұйымдарымен серіктестікте жүзеге асырылуда.

SPORT EMBA TALKS – 2025 аясында EMBA Speak Up атты интерактивті іс-шара ұйымдастырылды. Бұл алаңда спорт түрлері бойынша федерация басшылары, мемлекеттік жаттықтырушылар мен сарапшылар TEDx форматында шектеулі уақыт ішінде басқарушылық және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.

Әрбір қатысушыға кездейсоқ кейстік сұрақ таңдалып, нақты уақыт режимінде тәжірибесіне және EMBA Sport Management бағдарламасынан алған білімдеріне сүйене отырып, стратегиялық шешім ұсыну қажет болды. EMBA Speak Up интерактиві форум қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Сыни жағдайларда стратегиялық шешім қабылдай алатын және заманауи soft skills дағдыларына ие, жоғары білікті түлектер желісін құру – бағдарламаның басты басымдығының бірі. Бұл EMBA Sport Management бағдарламасының Қазақстандағы спорттың тұрақты дамуына үлес қоса алатын кәсіби мамандарды дайындаудағы маңыздылығын тағы бір мәрте нақтылайды.

Сотрудничество