Спорттағы заманауи және білікті маман

2023 жылдың 17 наурызында фитнес-сарапшы, педагогика ғылым магистрі Ершинов Ринат Нұғманұлының қатысуымен «Спорттағы заманауи және білікті маман» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.

Қонақ дәрісінің мақсаты: студенттерге спорт индустриясындағы заманауи трендтер мен тәсілдерді қарастыруға көмектесу; қазіргі заманғы спорттық қызметтер мен өнімдер нарығының жалпы көрсету; қазіргі уақытта спорт маманына қажет негізгі дағдылар мен құзыреттерді сипаттау; спортшылардың оқу-жаттығу процесіне және медициналық қызмет көрсетуіне әсер еткен технологиялық инновациялар туралы айту.

Дәріс барысында Ринат Ершинов өз тәжірибесімен бөлісті, спорттық мансабында табысқа жету жолында құнды кеңестер мен ұсыныстар берді. Ол жаттығулардың әртүрлі аспектілерін, дұрыс тамақтануды, психикалық дайындықты және спортшылардың көрсеткіштеріне әсер ететін басқа да маңызды факторларды талқылады. Сондай-ақ жаттықтырушы спортта, жалпы өмірде алға қойған мақсатқа жетуде қажырлы еңбектің, табандылықтың және өзін-өзі ұстаудың маңыздылығына тоқталды.

 

Сотрудничество