СПОРТ – ҚАЛАНЫҢ ДАМУ ҚҰРАЛЫ: СОЛЕЦ-КУЯВСКИЙ ТӘЖІРИБЕСІ
СПОРТ – ҚАЛАНЫҢ ДАМУ ҚҰРАЛЫ: СОЛЕЦ-КУЯВСКИЙ ТӘЖІРИБЕСІ

APEMS EMBA Sport Management бағдарламасының тыңдармандары Польшаның Солец-Куявский қаласына барып, спорттың қала өміріндегі стратегиялық рөлін зерттеді. 

Бағдарлама барысында қатысушылар қала басшысы – бурмистрмен кездесіп, спортты әлеуметтік интеграция, қала инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру құралы ретінде қолдану тәжірибесін талқылады. 

Сапар аясында делегация заманауи мектептің оқу және спорт инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ Спорт және рекреация орталығының жұмысын көрді. Мұнда спорт менеджерлері, мұғалімдер және жаттықтырушылармен пікір алмасу арқылы бұқаралық спортты ұйымдастырудың тиімді әдістері қарастырылды. 

Орталықтың бас менеджерімен сұхбатта қала үшін өзекті мәселелер мен спорттық нысандарды дамыту перспективалары талданды. Алынған тәжірибе Қазақстандағы қала спортын дамыту стратегияларын жетілдіруге үлес қоса алады. 

Сотрудничество