Спорт индустриясында цифрлық дағдылар

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының өкілдері Skills Lab Network of Experts: "Skills Revolution" сарапшылар тобының құрамына қосылды. Бұл бастама Еуропалық Одақтан (ЕО) қаржылық қолдау ала отырып, адамдардың дағдылары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын инновациялық кәсіптік білім мен оқыту жүйелерін дамыту мақсатында ЕО және Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.

Осы ынтымақтастық аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының өкілдері түрлі іс-шараларға, соның ішінде білім көрмелеріне қатысуға мүмкіндік алады. Жоба үш жыл ішінде жүзеге асырылады. Алғашқы шара 2023 жылдың 9-10 қазанында Италияның Турин қаласында өтеді деп жоспарланған. ЕО қаржыландыратын "Skills Lab Network of Experts: Skills Revolution: Understanding and Developing Skills for the Digital Era" атты конференция мен білім көрмесіне Академия өкілдері белсенді түрде қатысады.

Бұл іс-шарада қатысушылар тәжірибе алмасып, цифрлық дағдылардың қажеттілігін талдаудың қолжетімді құралдарын талқылай алады, сондай-ақ жасанды интеллект және инклюзивті цифрлық жүйелерді құру әсеріне қатысты жаңа аспектілерді әзірлей алады. Іс-шараның екінші күні қатысушылар спорт индустриясында цифрлық дағдыларды дамыту тұжырымдамасын болжау және әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істей алады.

 

Сотрудничество