«RITA (Аймақтық өзгерістер)»

2024 жылғы 13 ақпанда «RITA (Аймақтық өзгерістер)» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында «Еуропалық құтқару және қауіпсіздік орталығы» қауымдастығы, Быдгощ Экономика университеті (Польша) мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы арасында Поляк-Қазақ қауіпсіздік және құтқарушыларды оқыту орталығын (2,0 бөлігі) құру туралы кездесу өтті.

Академия Жобаның негізгі іске асырушысы болып табылады, ал оның серіктестері - Быдгощ қаласындағы Экономика университеті (Польша), LEARDAL (симуляциялық оқу жабдықтарының норвегиялық өндірушісі), WOPR (Польша суда құтқару орталығы) және Қазақстандағы Польша Елшілігі.

Академиядан жобаның негізгі үйлестірушілері: Академиялық қызмет жөніндегі проректор Т.К. Куангалиева, Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.Т. Кулбаев және Спорттық білім және коучинг департаментінің директоры Ж.С. Мұхамбет болып табылады, олар ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын және оларды алдағы 2 жылға іске асыру жоспарын ұсынды.

Жобаның мақсаты – Қазақстанда Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының базасында академияның ғылыми қызметкерлеріне, студенттеріне дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістерін үйрететін екінші орталық ашу, сондай-ақ мектеп оқушылары үшін заманауи симуляциялық жабдықтарды қолдана отырып, курстар өткізу.

Поляк-Қазақ орталығының қызметі аясында Академияның 20 оқытушысы мен студенттерін алғашқы дәрігерге дейінгі көмек (АДДК) нұсқаушысы ретінде даярлау, сондай-ақ Астана қаласы бойынша 300 студент пен 30 дене шынықтыру және спорт мұғалімдеріне АДДК әдістерін оқыту қарастырылған.

 Жобаны іске асыру 2024-2025 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша 80 мектепте бастауыш сынып оқушылары үшін АДДК қағидалары бойынша көшпелі оқытуды өткізуге мүмкіндік береді.

 

Сотрудничество