Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауы

INS2202 тобының APEMS студенттері Анастасия Сиранюк пен Алина Артамонованың ғылыми жұмысы аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Абильтаева Айнур Асхатовнаның ғылыми жетекшілігімен 2024 жылғы Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының III дәрежелі дипломымен марапатталды!

INS2202 тобының студенттері Анастасия Сиранюк пен Алина Артамонованың ғылыми жұмысы «Кәсіби спортпен шұғылданатын студенттердің оқу үлгерімімен қозғалыс техникасын меңгеру пайызы мен қозғалыс техникасының байланысын зерттеу» тақырыбына арналған.

APEMS ұжымы сізді құттықтайды және алдағы уақытта табыс тілейді!!!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы (бұдан әрі – ғылыми-зерттеу конкурсы) жыл сайын 2 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – ЖОО ішілік;

2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында.

2024 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша ғылыми-зерттеу байқауына Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан 18 жұмыс ұсынылды. APEMS студенттерінің ғылыми жұмысы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сотрудничество