«ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2024 жылдың 29 ақпанында «Жас қаламгер» клубының ұйымдастыруымен академия студенттерінің арасында «Поэзия әлеміне саяхат» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қатысуға 20-дан аса студент өтініш білдірді. Байқау барысында қатысушылардың бір тобы отандық және әлемдік жазушылардың шығармаларын оқыса, келесі топ төл туындыларын көпшілікке ұсынды.

   Қатысушылардың өнерін бағалаған әділқазылардың шешімімен «Ақындар» номинациясында жүлделі I орынды Қалыбек Асқар (ТР 2305) иеленді. «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша жүлделі I орынды Скажутин Всеволод (ИНС 2302) пен Згога Валентина (ИНС 2302) алса, II орынды Бекжігітұлы Бақдаулет (ИНС 2307) және III орынды 3 студент: Дьяченко Данил (ТР 2203),  Райбеков Даулетбек (ИНС 2303) және  Мутовщинский Алексей (ТР 2302) иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

 Байқауға әділқазы мүшесі болып келген «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің редакторы, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері Ризабек Нүсіпбекұлы өз сөзінде академияда спортшылар ғана емес, сонымен қатар поэзияны сүйген, көздерінде ұшқыны бар жалынды жастардың білім алып жатқанын айтып, ризашылығын білдірді.  

Сотрудничество