I Халықаралық ғылыми-тәжирибелік конференция «Оңалтудағы, спорттағы және спорттық медицинадағы заманауи тенденциялар»

2024 жылғы 23-24 мамырда екі елордалық университтер КеАҚ "Астана медицина университеті" және Бұқаралық спорт дене шынықтыру академиясының ынтымақтастығы аясында "Оңалтудағы, спорттағы және спорттық медицинадағы заманауи үрдістер" атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Австралия, Италия, Ресей, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Қазақстанның жетекші мамандарың біріктірді.

Конференцияның ашылуында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры Дүкетаев Болатбек Асилбекұлы, сондай-ақ "Астана медицина университеті" КЕАҚ ғылым жөніндегі проректоры Койков Виталий Викторович құттықтау сөз сөйледі.

Парижде жоспарланған XXXIII жазғы Олимпиада және XVII Паралимпиада ойындарының қарсаңында осы халықаралық конференцияның өзектілігі және маңыздылығы өте улкен. Конференция ғылым мен тәжірибе салалары бойынша қатысушылардың пікір алмасу алаңына айналды және ынтымақтастық пен жаңа бағыттарды іздеуге ықпал етті.

Конференцияда дене шынықтыру және спорттық медицинаны дамытудың жаңа жолдарын іздеуге арналған, спорт және спорттық медицина тәжірибесінде цифрлық технологияларды қолдану, сонымен қатар спортшыларды даярлау кезінде ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және спорттық фармакология мен нутрициологияға арналған тақырыптық бағыттар бойынша 50-ден астам ғылыми баяндама ұсынылды.

Конференция аясында бұқаралық спорттың дене шынықтыру академиясы базасында шеберлік сыныптар сериясы өткізілді, оны Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының спортшылары керемет өнер көрсетумен ашты. Өнер көрсету кезінде гимнасттардың жүрек соғу жиілігін бір уақытта бақылау үшін оларға Polar кардио датчиктері киілді. Мастер-класс бағдарламасында кинезио таспалау, InBody аппаратындағы дене құрамын кәсіби талдау, жүрек ырғағының өзгергіштігін өлшеу сияқты спорт, спорттық медицина және оңалту тәжірибесінде қолданылатын заманауи құралдар мен әдістер көрсетілді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кезінде нутрициологияның маңыздылығы туралы ғылыми баяндамаларды қолдау мақсатында Британдық "Science in Sport" компаниясының спорттық тамақтану көрмесі ұйымдастырылды.

 

Сотрудничество