Life Long Learning – өмір бойы білім алу қазіргі уақытта қазақстандық қоғам үшін өзінің дамуы мен жаңа білім алуы үшін керемет мүмкіндіктер мен бағыттарды ашуда. Оларды кәсіби қызметте де, күнделікті өмірде де қолдануға болады. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында (APEMS) Күміс университет бағдарламасы «Цифрлық сауаттылық», «Эмоционалды интеллект», «Құқық қорғау қызметінде адам құқықтарын қамтамасыз ету», сондай-ақ «Уақытты басқару» сияқты түрлі курстарды қамтиды және жүзеге асырады. «Электронды бизнес», «Коммуникативтік құзыреттілік», «Жаңа дан бастаған кәсіпкер», «Қарым-қатынас пен саяхатқа қажет ағылшын тілі», «Қарым-қатынасқа қажет қазақ тілі», «Орыс тілін білу. Сиқырлы сөздер», «Арт-терапия негіздері». «Салауатты өмір салты» курсы бұрын салауатты өмір салты негіздері бойынша арнайы білімі жоқ егде жастағы оқытушылардың назарын аударды. Сабақтар барысында курс тыңдаушылары әртүрлі бағыттар бойынша теориялық білім алады, атап айтсақ, дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері, дұрыс тамақтану, күн тәртібін жоспарлау, аурудың алдын алу. Әртүрлі спорт түрлерінен дене жаттығуларын орындау және жарақаттанудан сақтану бойынша практикалық дағдылар мен ұсыныстар беріледі.