Конкурс

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің   ғылыми - зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы конкурсының (бұдан әрі-СҒЗЖ конкурсы) I (ЖОО ішіндегі) кезеңін өткізу мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастырады.

СҒЗЖ Республикалық жыл сайынғы конкурсының негізгі мақсаттары студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, айрықша талантты және дарынды студенттерді іріктеу,қолдау және Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. СҒЗЖ республикалық конкурсы 3 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең-ЖОО ішіндегі;

2) екінші кезең - базалық жоғары оқу орындарында;

3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық.

СҒЗЖ байқауына Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары қатыса алады. СҒЗЖ конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) ғылыми жұмыс;

2) ғылыми жұмыстың аннотациясы;

3) орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы ғылыми жетекшінің пікірі (еркін нысанда);

4) автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер.

СҒЗЖ байқауына бір жарым интервалдан кейін басылған студенттердің ғылыми жұмыстарының алғашқы даналары ұсынылады. Жұмыс көлемі 20-40 беттен аспауы керек. Ғылыми жұмысқа ғылыми жұмыстың нәтижелерін енгізу туралы актілер (актілердің көшірмелері), патенттердің, ғылыми мақалалардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін. Дипломдық, курстық жұмыстар мен жобалар, егер оларда ғылыми жаңалық болса немесе олардың нәтижелерін өндіріске немесе оқу процесіне енгізу көзделсе, конкурсқа ұсынылуы мүмкін.

1, 2, 3 орын алған студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмысына арналған республикалық конкурстың жүлдегерлері I, II, III дәрежелі Министрлік дипломдарымен марапатталады. Магистратураға түсу кезінде СҒЗЖ конкурсының дипломдарымен белгіленген лауреат-студенттердің жетістіктерін қабылдау комиссиялары ескереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 15 қаңтарынан 2024 жылғы  20 ақпанды қоса алғанда қабылданады.

Конкурс нәтижелері университет сайтында жарияланады.

СҒЗЖ конкурсқа үміткердің өтінімдері мен құжаттары электрондық түрде : Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. email-де және қағаз түрінде ғылыми-зерттеу орталығында (EXPO бизнес-центр, блок В 2.2, 200 кабинет) қабылданады. Тел: 8 777 237 57 38

Сотрудничество