Дүниежүзілік Универсиада әлемдегі ең ірі көпспорттық шаралардың бірі болып саналады. Маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындарынан кейін екінші орында тұр. 2023 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында 50 елден 1400-ден астам спортшы қатысқан ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.
Универсиадаға қатысқан APEMS студенттері жоғары көрсеткіштермен ерекшеленді. Атап айтқанда, шорт-тректен Жанисов Санжар ІІ орын, 5 мың метр қашықтықта конькимен жүгіруден Сағатов Бақдәулет V орын алды. Студенттерімізді жаңа жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге қол жеткізген жеңістеріңізде ешқашан тоқтап қалмауды, алға сеніммен және оптимизммен қарауды тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!