Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасы

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі – Палуанова Лаура Қалабайқызымен кездесу өтті! Тараптар Эразмус+ бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде халықаралық кредиттік ұтқырлық, жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру, Эразмус Мундус бірлескен магистрлік бағдарламалары және Жан Монне жобалары сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Эразмус+ – жоғары білім, кәсіптік оқыту, жастарды қолдау және спорт саласындағы ынтымақтастықты қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы.

Жоғары білім беру саласында бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:

  • 1-негізгі әрекет: Жеке тұлғалардың оқу ұтқырлығы – студенттер мен мұғалімдер үшін ұтқырлық;
  • 2-негізгі әрекет: Инновация және тәжірибе үшін ынтымақтастық – инновациялар саласындағы ынтымақтастық және озық тәжірибемен алмасу;
  • Жан Моне қызметі – еуропалық зерттеулерді дамыту.

Эразмус+ бағдарламасына қатысу – біздің академияның студенттері мен қызметкерлері үшін білімдері мен тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар жаңа танысулар мен мансаптық әлеуетті арттыру үшін тамаша мүмкіндік. Біз Erasmus+ бағдарламасымен және серіктестерімізбен одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтеміз!

Сотрудничество