Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

13.02.2024 жылы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының TR2301 Tr2303 TR2305 TR2307 TR2309 TR2301-3 топтарының студенттері Қазақстан тарихы пәні бойынша тарихи-танымдық дәріске Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейіне барды.

🛑Дәрісті өткізген пән оқытушылары, философия докторы, PhD Г.У Ахметшина және гуманитарлық ғылымдар магистрі Д.С.Смагулов.  Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі-Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей.

🛑Жалпы көлемі 14000 шаршы метрден тұратын экспозициялық алаң 19 залдан құралған. Студенттер мұнда Ежелгі және орта ғасыр тарихы зал, Тарих залы, Алтын залы,  Этнография залы, Палеонтология залы, Қазіргі заманғы өнер залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залын тамашалады.

🛑Мұндағы жәдігерлерді көзбен көріп, Еуразия даласында ұлы өркениет құра білген бабаларымыздың тасқа сіңген тарихын сезініп, әсерленді.

 

Сотрудничество