«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ және ТЕРМИНОЛОГИЯ» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ - Академия физической культуры и массового спорта

Филология ғылымының кандидаты, ӘГПД сеньор-лекторы Н.Қ. Нәсиева 2025 жылдың 2-сәуірінде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен  симпозиумға қатысып, «Қазақ тіліндегі спорт терминдерінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасады.

Симпозиумның басты мақсаты – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелерін анықтау, талқылау; жасанды интеллект жүйесін пайдалана отырып, қазақ тілінің терминологиясын дамыту жолындағы заманауи үдерістер мен қолданыстарын саралау. Ғылым тілінің болашағына қатысты шешімдер мен тұжырымдамаларды ұсыну.

Симпозиумға ғалымдар мен сарапшылар,  зиялы қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және Түркия мен Өзбекстан, Қырғызстан сынды бауырлас түркі мемлекеттерінің арнайы делегация өкілдері қатысты

  Н.Қ. Нәсиева баяндамасында қазақ тіліндегі спорт терминдеріне қатысты өзекті мәселелерді көрсете отырып, оны шешу жолдарын ұсынды. Спорт терминологиясын жүйелеу және біріздендіру қазақ спорт ғылымының кәсіби тілінің қалыптасуына ықпал ететін баса айтты. Сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдар мен ресми құжаттардағы терминдерді ортақ жүйеге негіздеу және бірыңғай талаптарды қалыптастыру қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселе екенін атап көрсетті.

Сотрудничество